Культура

«Ұлт ұлағатының жаршысы» атты фотоқұжатты көрме ұйымдастырылды

Онда студенттер Манаш Қозыбаев жайында тың мәліметтермен танысты

Облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінде тарих ғылымының докторы, профессор, академик Манаш Қозыбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ұлт ұлағатының жаршысы» атты фотоқұжатты көрме ұйымдастырылды.

Меңдіқара ауданында дүниеге келген Манаш Қабашұлы Ыбырай Алтынсарин ашқан педагогикалық училищенің түлегі болып табылады. Ыбырайдың ізімен білім мен ғылым жолында жүріп өткен.

Академиктің 90 жылдық мерейтойына байланысты М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің 1 курс студенттерімен танымдық экскурсия жүргізілді. Жастарға арналған шара барысында, Манаш Қозыбаевтың өмірбаяны мен атқарған еңбектері жайында мол мәлімет берілді. Сонымен қатар музей қорындағы Манаш Қабашұлының  фотосуреттері мен жеке заттары көрсетілді.

-Жастарымыз еліміздің дамуы жолында орасан үлес қосқан тұлғалар жайында білулері керек. Осы мақсатта музейде түрлі шаралар ұйымдастырылып тұрады. Бұл жолы студенттер Манаш Қозыбаев жөнінде көкейлерінде жүрген сауалдарына да нақты жауап алды, – дейді фотоқұжат көрмесін ұйымдастырған музейдің аға ғылыми қызметкері Гүлдана Катай.

Мұндай танымдық, тағылымдық жағы мол іс-шаралардың ел келешегі жастар үшін берері мол болса керек.

Аягөз Кәкімжанова

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77