Новости События

Ұлттық ұланға – 28 жыл: Тәуелсіздіктің қорғаны

Ұлттық ұлан тарихы – ел тарихымен байланысты

Ұлттық ұланның құрылғанына – 28 жыл. Яғни, 1992 жылдың 10 қаңтарында ҚР Президенті жарлығымен ішкі әскер болып құрылған болатын.

Еліміз тәуелсіздік алған уақытта құрылған гвардия мемлекетімізбен бірге есейіп, өздеріне артылған зор сенімді абыроймен атқарып келеді. Жиырма сегіз жыл ішінде әскер Ұлттық ұлан мәртебесін иелік етіп, ең алдыменқоғамдық тәртіп пен қауыпсіздікті қамтамасыз ету ісінде ағаттық жіберген емес.

Айтулы күнге орай Қостанай қалалық 6697 әскери бөлімінде арнайы шара өтті. Оған әскери бөлім қызметкерлері мен ардагерлер және осы сала төңірегіндегі орган басшылары арнайы қатынасты.
Салтанатты жиын барысында әскери бөлім командирі Ұлттық ұланның құрылған күнімен құттықтады.

– Тәуелсіздік еліміздің ішкі қауыпсіздігін, азаматтардың конституциялық құқығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес 1992 жылдың 10 қаңтарында ҚР ІІМ Ішкі әскерлері құрылды. Қазіргі таңда Ұлттық ұлан жауынгерлері, батырларымыздың аманат еткен кең байтақ даламызды қорғауда. Барлық қолбасшылық және жеке құрамның атынан сіздерді мерекелеріңізбен құттықтағым келеді, – деді 6697 әскери бөлімнің командирі, подполкофник Медет Есембаев.

Жиын барысында шақырылған қонақтар мен ардагерлер сөз алды. Олар еліміздің тыныштығын күзетіп жүрген ұландарға қажымас қайрат тіледі. Сондай-ақ, салтанатты жиын барысында бірқатар қызметкерлер түрлі марапаттарға ие болды.

– Ұлттық ұланның құрылған күні қарсаңында Қостанай облысы әкімінің мадақтама марапатына ие болдым. Ұлттық ұлан сарбаздарын, ардагерлерді, әскери бөлім ұжымын мереке қарсаңымен құттықтағым келеді. Біздің әскери бөлімнің жетістігі аз емес, дегенмен одан да зор табыстар тілеймін. Жас сарбаздарды жігерлі, елінің патриоты болуға шақырамын, – дейді 6697 әскери бөлім рота командирінің тәрбие және әлеуметтік құқық жұмыс жөніндегі орынбасары Нұрлыбек Ғалымжанов.

Шара соңы арнайы дайындалған мерекелік коцертке ұласты. Онда күмбірлете күй тартылып, егемендік ,ерлік тақырыбындағы әндер шырқалды.

Сералы МЫРЗАБАЙ,
Суретті түсріген Бағдат АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77