События

Ұлы ұстазға тағзым

Қала орталығында орнатылған еңселі ескерткіш көңіл қуантады

Бүгін Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұжымы, Қостанай қаласында қазақтың ұлы ағартушысы, ұлт ұстазы, халық мектебінің негізін қалаушы тұңғыш педагог Ыбырай Алтынсариннің ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етті.

Бұл ескерткіш әйгілі педагог Ыбырайдың 180 жылдығы мерейтойы қарсаңында ашылып отыр.

Облысымызда Ыбырай Алтынсарин есімін иеленген 65 әлеуметтік-мәдени нысандар бар. Олар – 1 аудан, 2 ауыл, 1 теміржол станциясы, 1 мұражай, 1 институт, 1 колледж, 7 мектеп. Сондай-ақ, Ұлы ұстаздың есімі 1 шағын аудан мен 50 көшеге берілген.

Осы нысандар Ұлт ұстазын әрдайым есімізге салып отырады. Қараңғы түнектен қазақ халқын білімге шақырған, алғаш Торғай даласында мектеп ашқан ұстаздың еңбегі орасаң. Ол «Кел, балалар, оқылық! Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық» деп шәкірттерін білім нәрімен сусындата білді.

– Ұлы ұстаздың еңселі ескерткішін көргенде жүрегімізге қуаныш ұялады. Шаһарымыздың орталығынан орын алған еңселі ескерткіш жас ұрпаққа үлкен өнеге болары анық. Халқын білімге шақырған ұстаздың еңбегін келешек ұрпақ жете ұғынып, әрдайым оған тағзым етуі керек, – дейді басқарманың бөлім басшысы Бақытгүл Сүлейменова.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы өз тарапынан келесі жылы атаулы датаны жоғары деңгейде атап өту мақсатында дайындықты бастап та кеткен.

Олай болса, Ұлы ұстазға арналған – еңселі ескерткіш баршаңызға құтты болсын!

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77