COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

105766

Выздоровевших

110684

Зарегистрированных случаев

3594

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1825

Летальных случаев

Образование

Мұғалімдер кезекші топтарға қосымша өткізген нақты сағатына қарай ақы алатын болады

Екінші тоқсанда оқытуды ұйымдастыру аймақтағы эпидемилогиялық жағдайға байланысты

Өңірде 63 мың бала «Күделік», «Mektep Online» платформаларын пайдалана отырып, қашықтан білім алуда. Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте сөз болды.

Ата-аналардың өтініші бойынша 157 мектепте толымдылығы 15 адамға дейінгі бастауыш сынып оқушыларының кезекші топтары жұмыс істейді. Осындай форматта 24 911 оқушы білім алуда.

– Кезекші топтардың жұмыс жағдайында сыныптар екі кіші топқа бөлінеді. Тиісінше, мұғалімдердің жүктемесі де артады. Қосымша жұмыс істегені үшін мұғалімге нақты өткізілген сағаттарына қосымша жалақы төленеді. Жалақы жергілікті және республикалық бюджеттер есебінен төленеді, – деді Қостанай облысы білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова.

Қашықтан оқытудың сапалы жағдайларын жасау мақсатында жергілікті бюджет есебінен 1,4 млрд теңгеге 6 мың компьютер және Үкімет резервінен 2,4 млрд теңгеге 15,2 мың компьютер сатып алынған.

– Бүгінгі күні 1,7 млрд теңге сомасына 85 мың компьютерлік техника комплектісін жеткізу жүзеге асырылды. Қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін облыста оқушыларға қайтару негізімен 12 458 бірлік компьютерлік техника берілді. Ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін облыстың 20 өңіріне 12 743 ноутбук пен планшет жеткізу күтіліп отыр, – деді басқарма басшысы.

Осы арқылы «бір компьютерге балалар саны» көрсеткіші 7-ден 4-ке дейін азаятын болады.

Бірінші тоқсан аяқталуға жақын, осы ретте күзгі демалыс 10 күн яғни, 5 қараша мен 14-қарашаны қоса алғанда.

Оқу жылдың екінші тоқсанында оқыту қалай ұйымдастырылатындығы аймақтағы санитарлық-эпидемилогиялық жағдайға байланысты болмақ. Жағдай күрт нашарлаған кезде білім беру ұйымдары қашықтан оқыту форматына көшуі мүмкін. Білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова оқыту форматы жөніндегі мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің құзіретінде екенін жеткізді.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Сурет ашық ақпарат көзінен алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77