COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

102323

Выздоровевших

107529

Зарегистрированных случаев

3472

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1699

Летальных случаев

Біздің Қостанай

Мүгедектікті белгілеудегі өзгерістер

Облыста 28 мыңнан астам мүгедек бар

Бастапқыда мүгедектігі белгіленген және мәртебесін алғандар оны қайта растаудың қажеті жоқ.

Ал, алғашы тіркелушілер үшін қашықтан таңдау мүмкіндігі ұсынылып отыр.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты мүгедектікті белгілеу бойынша енгізілген өзгерістер туралы» брифинг өтті.

Онда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Мұратбеков 28 мыңнан астам тұрғынға қатысты мәлімет берді.

Төтенше жағдайға байланысты ереженің талаптарына сәйкес жеке және қоғамдық өмірдің әдеттегі тәртібі мен шарттарын біршама өзгерткен.

Сондай-ақ, азаматтарға барлық қажетті мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін мемлекеттік органдар электрондық, қашықтықтан алу форматына көшіре отырып, жұмыстың және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің әдеттегі форматын ауыстырды.

– Бүгінгі күні Департаментпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірі мүгедектікті белгілеу және қажетті оңалту шараларын әзірлеу болып табылады. Біздің облыста 28 176 мүгедектігі бар азамат тұрады және орта есеппен 6,5 мың азамат жыл сайын мүгедектік тобына қайта куәландырудан өтеді және 2 мыңнан астам азамат алғаш рет мүгедектік алады. Сонымен қатар, енгізілген төтенше жағдай режимін ескере отырып, көліктің де, азаматтардың да жүріп-тұруына белгілі бір шектеулер қойған, адамдардың көп шоғырлануын болдырмау қажеттігін, оның ішінде мемлекеттік органдарда да мемлекеттік қызметтерді алу үшін аталған мемлекеттік қызметті көрсетудің әдеттегі барысына өзгерістер енгізу қажеттілігі пайда болды, – деп атап өтті Мұрат Мұратбеков.

Осыған байланысты, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы бұйрығымен 2020 жылғы 1 сәуірдегі бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар еңгізді. Айталық, «Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету қағидалары» бекітілді.

– Олардың негізінде төтенше жағдайда әрекет ету кезеңінде мүгедектік тобын бірінші рет алуға немесе Қостанай облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитеті департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне тікелей бару қажеттілігінсіз қолда бар мүгедектік тобын ұзартуға болады. Осы ережелерге сәйкес, мүгедектігі бар адамдардың қолда бар мүгедектік тобы елдегі төтенше жағдай кезеңі аяқталғанға дейін автоматты түрде ұзартылады және автоматты түрде мүгедектік бойынша төленетін жәрдемақы және өзге де қолда бар төлемдер қайта тағайындалады. Бүгінгі күні, ағымдағы жылы 15 наурыздан 15 сәуірге дейін қайта куәландыру мерзімі келген облыс бойынша шамамен 400 адамға мүгедектік автоматты түрде Департаментпен ұзартылды және қазіргі уақытта оларға тиесілі жәрдемақыларды үзбей және кідіріссіз алу үшін қайта тағайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деді департамент басшысы.

Мүгедектікті белгілеуге алғаш рет жіберілген азаматтар үшін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінде бірнеше өзгерістер бар.

– Қызмет «Электрондық үкімет» веб-порталында «Электронды өтініш» сервисі арқылы берілген, электронды өтініштің негізінде жүзеге асырылатын болады. Бұл үшін азаматтар тиісті өтінішті толтырып, оған барлық қажетті құжаттардың сканерленген нұсқаларын қосып, осы құжаттарды Қостанай облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің департаментіне электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады. Осы өтініш Департаментке келіп түскен сәттен бастап 4 күнге дейінгі мерзімде мемлекеттік қызметтің нәтижесі (мүгедектік тобы белгіленген немесе жоқ және азаматқа қандай оңалту шаралары әзірленеді) азаматқа пошта арқылы жауап жіберіледі, – деді ол.

Сонымен қатар, мүгедектік белгіленгеннен кейін өтініш беруші «электрондық үкімет» порталы арқылы мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындауға электрондық өтініш беруі қажет.

– Жоғарыда айтылғандардың барлығы төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік қызметтерді алу рәсімін жеңілдетуге және азаматтардың түрлі инстанцияларға ауысу мен жүгінулердің қажеттілігін барынша азайтуға бағытталған, – деп қорытты Мұрат Мұратбеков.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77