Культура Новости

Мәриям Хәкімжанованың туғанына биыл – 113 жыл

Сондай-ақ, он бесінші қараша қаламгер, қазақстанның халық жазушысының туған күні

Осыған орай Қостанайдағы М.Хәкімжанова атындағы №20 мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қалалық «Мәриям оқулары» байқауы өтті
Мәриям апа Хәкімжанованың шығармашылығын, өнегелі өмірін жас ұрпаққа насихаттайтын шара мектеп оқушылары арасында төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді.

– Биыл ақын апамыздың туғанына 113 жыл толып отыр. Еліміздің асыл қазынасы саналатын шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау біздің парызымыз болып табылады. Ұйымдастырылып отырған қалалық «Мәриям оқулары» шарасының басты мақсаты да осы. Қостанай қалалық М. Хәкімжанова атындағы №20 білім ордасы ақын апамыздың атын иеленгендіктен оқушыларымыз ол кісінің өмір баянымен, шығармаларымен жақсы таныс. Насихат шаралары ұдайы жүргізіліп тұрады, – дейді М. Хәкімжанова атындағы №20 мектептің директоры Ханзада Шымболатова.

Қалалық жарыста екі аталым бойынша барлығы 20 оқушы өзара бақ сынасты. Аталым бағыттары бойынша әділ-қазылар алқасы озық шыққандарды бағалап шешімдерін шығарды. Нәтижесінде «Білімдіден шыққан сөз» номинациясы бойынша үздік деп танылған оқушылар жеңімпаз атанды. Олар 1 орын Динара Зейнулла №20 ОМ, 2 орын Жамил Умарова №1 МЛ, 2 орын Айдана Утилиева №10 ОМ, 3 орын Анеля Алшоразова С.Мауленов атындағы гимназия, 3 орын Жұлдыз Ақан №115 ОМ, 3 орын Асем Ғалымжанова ФМЛ сынды оқушылар иелкенді. Осы аталым бойынша қатынасқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Екінші аталым «Өлеңге әркімнің ақ бар таласы» номинациясы бойынша қатынасқан оқушылар Мәриям апаға деген оқушылар жүректерін жарып шыққан жыр-шумақтарын арнады. Нәтижесінде, 1 орын Жүніс Балауса №115 ОМ, 2 орын Суханова Жазира №9 ОМ, 2 орын Бейсен Жансұлу №20 ОМ, 3 орын Амирханқызы Ақжүніс С.Мәуленов атындағы гимназия, 3 орын Калеева Сабина №1 МЛ, 3 орын Есенгалиева Даяна №23 ОМ білім ордаларынан келген оқушылар жеңіп алды.

Мәриям апа қазақ поэзиясының жарық жұлдызы бола білді. Ол кісінің көзі тірісінде 30-ға жуық кітабы жарық көрді. Ол өз өлеңдерінде Отан, өмір, бейбітшілік сияқты тақырыпта ой толғаған.

Шара барысында М. Хәкімжанова атындағы №20 мектеп оқушыларынан құралған домбырашылар күмбірлете күй ойнап және бұрымды қыздар мың бұрала би билеп көрермендерге өнерлерін көрсетті.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77