Біздің Қостанай

Мектептерде оқушыларға терроризмнен қалай сақтану керектігі түсіндіріледі

Ұстаздар сынып сағаттарында шәкірттерге белгісіз затты көздері шалса, бірден ескертулерін сұрайды

Естіген жанның зәре-құтын қашыратын қоғамда терроризм деген ұғым бар. Бұл тыныш жатқан елде жарылыс жасап, бірнеше күнәсіз жандардың өмірін қиятын, қайға әкелетін іс-әрекет.

Терроризм – Ел ішінде үрей және дүрбелең тудыру мақсатында бір немесе бірнеше адамдар тарапынан жеке адам және қоғам тәртібін, тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзатын іс-әрекеттер мен іс-шараларды ұйымдастыру. Көбіне көп кездесетін терроризм түрлері: саяси, ұлттық және діни терроризм. Ұйымдастырушылар терактты азаматтық және өзге де құқықтарын қорғауда «жалғыз ғана мүмкін, неғұрлым іс-әрекеті» етіп көрсетеді. Оның негізгі мақсаты – билікке және де нақты саяси көшбасшыларға өздерінің жүргізіп отырған саясатын өзгерту мақсатымен тікелей қысым қою.

Бүгінде осы терроризммен әлем болып күресіп жатырмыз. Мысалға алатын болсақ, көптеген елдерде терроризмнің орын алуымен орны толмас қайғылы оқиғалардың орын алғаны жасырын емес.

Біздің елімізде де терроризмге қарсы күрес қақында түрде жүріп жатыр. Бұл жолы біз қала мектептерінде терроризмге қарсы қандай шаралар ұйымдастырылып жатқанын білуді ұйғардық.

Осы мақсатта облыстық білім басқармасының білім беру ұйымдарының тіршілік әрекетін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Самал Жармұхаметовамен арнайы жолығып, білім ошақтарында жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен танысқан болатынбыз.

-Қостанай қаласында барлығы 36  мектеп бар. Осы білім ордаларында терроризмнен қалай қорғану керектігін түсіндіретін арнайы жұмыстар жылына бірнеше рет жүргізіліп тұрады.

Атап айтатын болсам, сынып жетекшілер арнайы сынып сағатын өткізеді. Бұл жерде егер оқушы дәретханада, дәлізде, асханада, кабинеттерде, спорт залда белгісіз пакетті, телефон немесе түсініксіз бір затты көздері шалса оны өз еріктерімен қозғауға, көретуге, аяқтарымен тебуге болмайтыны жан-жақты түсіндіріледі.

Сонымен қатар егер олар осындай түсініксіз, иесі белгісіз бір затты байқаса бірінші кезекте міндетті түрде сынып жетекСонымен қатар егер олар осындай түсініксіз, иесі белгісіз бір затты байқаса бірінші кезекте міндетті түрде сынып жетексіне айтуы қажет. Ол кісі бұл ақпаратты мектеп басшылығына жеткізуі керек. Осыдан кейін ғана қандай іс-әрекет жасалатынын басшылық шешеді. Олар әрине, бірінші кезекте полияция қызметкерлеріне хабар беретін. Арнайы топ шақырылады.

Сондай-ақ қазір мектепке кез-келген жанның еркін кіріп-шығуына тиім салынған. Тек ұстаздар мен оқушылар және техникалық қызметкерлер ғана өздеріне берілген карта арқылы кіре алады. Ал қалған ата-аналарға мектепке кіруге тиым салынған. Осылайша білім ошақтарында заң бұзушылық жайттардың алдын алу мүмкін болып отыр.

Оның сыртында мектептердің барлығы бейне камерамен қамтамасыз етілген. Дәліздерде, сабақ өтетін кабинеттерде тегіз бейне камералар орнатылған. Егер мектепке қалай болса да бөгде адамның кіргенін осы бейне камералар арқылы білуге болады. Сонымен қатар бейне камера арқылы қалалардың қауіпсіздігін жіті бақылауда ұстайтын арнайы қызметкерлер бар. Олардың басты міндеті ғимаратта күмән тудыратын тұлғаның жүрмеуін қадағалау.

Осы жерде тағы айтып өтетін жайт, білім ордаларында терроризмнен қалай сақтану керектігі жайында жазылған парақшалар оқушыларға жиі таратылып тұрады. Ұстаздар қауымы заң қызметкерлерінің қатысуымен терроризммен қалай күресу және сақтану керектігі жайынша іс-шаралар ұйымдастырып тұрады. Мұндай шараларда заң қызметкерлері оқушыларға терроризмнен қалай сақтану керектігін түсіндіреді. Ата-аналарға да арналған жиналыстар да жиі өтіп тұрады,-дейді.

«Сақтансаң сақтаймын» деп бекер айтылмаса керек. Осы ретте қоғамның өзекті мәселесіне айналып отырған терроризмнен сақтану жолдарын білгеннің артығы жоқ. Әсіресе, жас жеткіншектердің көкейіне осындай сақтық шараларын барынша ұғындырған жағдайда ғана олардың келешегі үшін алаңдамауға болады. Бүгінде білікті де білімді, жан-жақты ұрпақ өсіру маңызды болса керек.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77