Новости

Мемлекетімізде несие алу жүйесі өзгереді

Бұл бірінші кезекте халықтың өмір сапасын жақсартатын болады

Елімізде үстіміздегі жылы банктер мен микроқаржылық ұйымдардың алдында берешегінің үстеме төлемі көбейіп кетіп, қарызын төлей алмай жүрген жандарға арнайы көмек көрсетілетін жайында басылым беттерінде жазылып, телеарналардан көрсетілгені белгілі.

Осы жаңалықты естіген жұртшылықтың бір қатарының көкейінде  басымыздағы несиені жеңілдетіп аламыз ба деген үміт ұшқын берген еді.

Жақындап осы жайында азаматтардың берешегінің өсуін шектеу мақсатында осы жылдың соңына дейін кредиттік серіктестіктерді ломбардтарды реттеу бойынша нормативтік-құқықтық актілер қыбалданды. Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев осылай мәлімет етті,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ «Банктер мен банктік қызмет туралы» Заңға және «Микроқаржылық ұйымдар туралы» Заңға 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздарға тұрақсыздық айыбын, комиссияларды және өзге де төлемдер есептеуге тыйым белгілеу бойынша түзетулер енгізілетінін айтты. Бұл түзетулерді Ұлттық банк Парламенттің қарауына ағымдағы жылғы қыркүйекте енгізеді. «Азаматтардың борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу кезінде қарыз беру кезінде қарыз алушының барлық міндеттемелері, оның төлем қабілеттілігі және әлеуметтік мәртебесі есепке алынатын болады. Мәселен, борыштық жүктеме коэффициентінің шекті мөлшерін есептеу кезінде отбасының кәмелеттік жасқа толмаған әрбір мүшесіне тиесілі ең төменгі күнкөріс мөлшері шегерілетін болады. Пруденциялық реттеу аясында кепілсіз тұтынушылық кредиттер беру кезіндегі банктердің меншік капиталына қойылатын талаптар күшейеді. Бұл шектен тыс кредит беру саясатының алдын алуға бағытталған», — деді Е. Досаев.

Сондай-ақ Е.Досаев Ұлттық банк бекіткен, кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдарды 30 шілдеге дейін есептен шығару механизміне сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдары есептелген тұрақсыздық айыбы бойынша берешекті кешіруді жүзеге асыратынын хабарлады.

Бұдан түсінгеніміз, алдағы уақытта қазақстандықтарға бұрынғыдай несие алу оңай болмайды. Банктер мен микроқаржылық ұйымдар несие рәсімдеушінің айлық табысынан барлық төлемдерін шегеріп, отбасындағы адам басына шағып, одан артылатын қажаратқа лайықты мөлшерде ғана несие беретін болады. Ал егер оның айлық табысы осы аталғандардан артылмайтын болса, онда банк тарапынан несие алуыңызға рұқсат етілмейді.

Осылайша Үкімет халықтың көп несие алып, кейін оны төлей алмай қиналмауын көздеп отыр. Бұл біріншіден халықтың тұрмыс сапасын  жақсартатын болады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77