Новости

Мемлекеттен несие алып, бағдарлама жемісін көріп отыр

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты

Еңбек етемдеген адамға мемлекет тарапынан қолдау әрқашан болып келеді. Оның жемісін көріп жүрген кәсіпкерлерде аз емес. Солардың бірі жеке кәсіпкер, Наталья Тычийна. Ол кәсіпкерлік қызметін 2004 жылдың шілдесінен киім дүкенін ашудан бастағанын айтады. Алдымен, сапалы өніммен, бизнеске деген байыптылықтың арқасында бизнесі сәтті болды.

Алайда, ол кезде қазіргідей бұл салада бәсекелестіктің болған жоқтығын айтады. Уақыт өте келе, үлкен сауда орталықтары пайда болды.

– Сауда саласында жеткілікті уақыт жұмыс істей отырып, мен мұнда тоқтап қалмай, жаңа бір нәрсені сынап көруге бел будым. Менде қызметтің тағы қандай түрін жүзеге асыруға болатындығы туралы көптеген идеялар болды, өйткені біздің уақытта адамдарды бір нәрсемен таңдандыру қиын. Сөйте келе адамдар үшін мәдени демалыстың сүйікті түрлерінің бірі – жайлы кафеде деп ойладым. Емін-екрін әңгімелесіп жайбарақат отырулары үшін дегендей. Солайынан, мен өзімді мейрамхана бизнесінде сынап көруді жөн көрдім. Кез-келген кәсіпкер үшін қызметтің жаңа түрін ашу үлкен тәуекел екені түсінікті. Әрдайым қорқыныш көп болады – кенеттен бір нәрсе дұрыс болмай қалады, ол кенеттен бәрін ойлағандай жүзеге аспай қалады-ау дегендей. Жаңа идеяға салған ақшаңыз әрдайым ақтала бермейді. Әсіресе, егер бұл қаражат жеткіліксіз болса, бұл жағдайда кәсіпкер мемлекеттен көмек сұрауға тура келеді, – дейді Наталья Николаевна.

Кәсіпкер, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына кәсіпкерлікті қолдаудың қолданыстағы бағдарламалары туралы түсіндірме алу үшін «Еңбек» бағдарламасы бойынша микрокредит беру туралы ақпарат алады. Біріншіден, оны бар-жоғы 6%-ды құрайтын шағын несие қызықтырды. Ол үшін жалпы, несиелеу шарттары да қолайлы болды. Барлық жағымсыз жақтары мен салмақтарын таразылап болғаннан кейін бағдарламаға қатысуға шешім қабылдайды. Ақырында, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде қалаларда микрокредиттеу туралы» бағдарламасына қатысады.

– Мен несиелік қаражатқа қажетті жабдықтар, тұрмыстық техника және жиһаз сатып алуды жоспарладым. Менде ғимарат бар болатын. Енді болашақта толыққанды дәмхана үшін барлық жағдай жасау керек болды. Несие беруші банк ретінде мен «Сбербанкті» таңдадым, және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы менеджерлерінің көмегінің арқасында мен қажетті құжаттар пакетін тез жинадым. Барлық қажетті кезендерден өткеннен кейін мен 15 миллион теңге көлемінде шағын несие алдым. Өткен жылдың 1 қарашасында «Жаңа қала» тұрғын үй кешенінде Gastrobar «Мани» мейрамханамды аштым, – дейді кәсіпкер.

Қазір гастробар «Мани» – бұл біздің қаламыздағы ең танымал орындардың бірі. Оны жаңа гастрономиялық кеңістік ретінде айтады. Онда дәстүрлі мейрамхана қызметін ұсынатын гастробар, яғни 45 адамға арналған зал, еуропалық тағамдар, керемет музыка, сонымен қатар үнемі келушілер «фаст-фудты» тағамдарын тұтына алады. Сондай-ақ, гриль, онда сіз тағамның қалай дайындалғанын көре аласыз, мысалы, барбекю немесе стейк, сонымен қатар пиццаның 14 түрін дайындайды.

Бастапқыда шағын жылдам тамақтану орынын ашқысы келген кәсіпкер, жобалар пайда болып, өркендеген сайын бірден үлкен кең залды мейрамхана ашуды ұйғарады. Сонымен қатар мекеменің дизайны мен мақсатына байланысты идеялар көбірек пайда болды. Кәсіпкер, дәмді тамақтарды ұсынып қана қоймай, отбасылық көңілді уақыт өткізетін және іскерлік кездесуге айналатын орын болғанын қайтындығын айтады.

– Мен облыс орталығына арналған кафенің ашылуы қандай да бір жаңалық емес екенін түсінемін. Мен өз жобамды іске асыра отырып, барлық ықтимал қауіптерді саналы түрде бағаладым. Енді мейрамхананың ашылғанына бір жылдай уақыт өтті, мен қанша жұмыс атқарылғанын түсінемін. Кез-келген бизнестегідей, мейрамхананың да өзіндік қиындықтары бар. Шынымен де сапалы өнімді іздеу, сатып алудағы делдалдардың көптігі, қымбат жарнамалық қызметтер, сонымен қатар қызметкерлердің үлкен айналымы бизнес жүргізу процесін қиындатады. Мен әр клиентке жеке көзқараспен қарауға тырысамын, бөлме мен асүйдің тазалығына, сонымен қатар интерьердің бөлшектеріне үлкен мән беремін, осылайша келушілердің сенімін қамтамасыз етемін, – дейді өз сөзінде кәсіпкер.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77