Мектеп-гимназияның 19 оқушысы ант қабылдап, тағлымы мол тәлім алуға серт берді
Қаламыздағы №28 мектеп-гимназиясында «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» републикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына ресми түрде қабылдау рәсімі өтті.
Тәуелсіздік мерекесіне орайластырылған рәсім барысында 5-ші сыныптың 19 тәрбиеленушісі ант қабылдады. Оқушылардың ата-ананалары, қалалық әскери бөлімшеден Владимир Иващук арнайы келіп қонақ ретінде қатынасты.
Салтанатты жиын мектеп басшысы Айгүл Айтқожақызының ізгі лебізімен басталды.
– Сіздерді бүгінгі «Жас сарбаз» қатарына қосылуымен құттықтаймын. Сіздерге денсаулық және оқуда табыс тілеймін. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының лайықты азаматтары және патриоттары болыңыздар. Елбасымыз айтқандай «Өз Отанынды ыстық сүйіп, қадір-қасиетін ешқашан түсірме, Туған жерлеріңізді өз жүрегінде мақтанышпен алып жүріңдер, – деді құттықтау сөзінде мектеп директоры Айгүл Айтқожақызы.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында «Жас Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құру басым бағыттардың бірі ретінде тапсырған болатын.
Осы «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» републикалық қоғамдық бірлестігінің №28 мектеп-гимназиядағы жетекшісі Алихан Сағитов тәрбиеленушілерді елін сүюге баулымақ.
– Оқушыларға барынша білген-түйгенімді үйретемін. Патриоттық бағытта тәлім-тәрбие беруге тырысып бағамын. Туған жеріміздің мақтан тұтар ұландарын даярлауға өз септігімді тигіссем, олда елге деген жанашырлыңымның белгісі деп есептеймін, – дейді «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» републикалық қоғамдық бірлестігінің №28 мектеп-гимназиядағы жетекшісі Алихан Сағитов.
Салтанатты рәсім барысы жас сарбаздардың, кадет сыныптары тәрбиеленушілерінің мерекелік конуертімен жалғасын тапты.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті ұсынған мектеп-гимназия қызметкері
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77