«Мерейлі әскери отбасы» байқауы өз деңгейінде өтті

 Жақында «Мирас» Мәдениет үйінде Қостанай гарнизонының әскери ұжымдары арасында алғаш рет «Мерейлі әскери отбасы» деген атпен Тұңғыш Президент күні қарсаңында отбасылық сайыс болып өтті.

Осынау жанұялық байқауда Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, ШК 2031,  2039 және ҰҰ 6697 әскери бөлімдері, «Солтүстік» өңірлік басқармасы, Әуе қорғаныс Күштерінің 44803 «В» әскери бөлімі қызметшілерінің шығармашыл шаңырақтары бақ сынасты.

Баршаға мәлім, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Отбасын нығайту және дәстүрлерді сақтау – мемлекеттілігімізді дамытудың кепілі. Сондықтан да біз отбасының мерейін барынша үстем ете беруіміз керек» деген болатын.

Шын мәнінде ырысы мен ынтымағы ұйыған, берекесі мен мерекесі жарасқан, бақытты отбасылардың мол болуы – мемлекет дамуының алғышарты. Жанұяның қоғамдағы мәртебесін арттыру, абыройлы отбасыларды көпшілікке үлгі ету байқаудың басты мақсаты болып табылады.

Қорғаныс істері жөніндегі департаменті атынан қатысқан  капитан Рүстем Тұрғанов бұл байқау жайлы былай дейді:

-Бұл шара баршаға үлкен үлгі-өнеге болып, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтауға, құрметтеуге тәрбиелейді. Сондықтан да сайыстың барлық қатысушыларға берері мол деп есептеймін. Өнегелі шаңырақтан әрқашан да өзгелер үлгі алады деген үттемін.

Қатысушы отбасылар өзін-өзі таныстыру, шығармашылық және спорттық сайыс, викториналық сұрақ тәрізді бірнеше кезеңнен өтіп, іріктелді.

Қорғаныс істері жөніндегі департаменті атынан қатысқан Рүстем Тұрғановтың отбасы аталмыш байқауға асқан жауапкершілікпен дайындалғандарын танытты.

Халықаралық вокалдық сайыстардың жүлдегері ГауҺар Рүстемқызы француз тілінде ән шырқаса, отағасы жұбайымен би билеп, көрермендердің көңілінен шығып, байқаудың ажарын аша түсті.

Сонымен, аталмыш байқаудың қорытындысы бойынша Рүстем Тұрғановтың отбасы «Отбасын қадірлеу – бақытты болу» номинациясы бойынша марапатталды.

Салтанатты кеш соңы әсем ән және мың бұралған бимен әрленген концерттік бағдарламаға ұласты.

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись