Новости Социум

Мерекеге орай Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында арнайы көрме ашылды

Қазақстан Республикасының Конституциясы – дамудың, тұрақтылықтың және жетістіктің кепілі

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Бұл мерекенің Тәуелсіз еліміз үшін маңызы зор.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы, онда оның стратегиясы, өмір сүру және даму мақсаттары, құқықтық нормалар сипатталған.

Оның жоғары заңдық күші бар және азаматтарға олардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепілдік береді, олардың міндеттерінің шеңберін айқындайды. Бұл заң бүкіл мемлекеттің өмірін айқындайды, оның тәуелсіздігін бекітеді.

Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының абонементтер бөлімінде оқырмандар назарына «Қазақстан Республикасының Конституциясы – дамудың, тұрақтылықтың және жетістіктің кепілі» атты кітап көрмесі ұсынылған.

Көрмеде конституциялық заңдар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектері, қолданыстағы Конституцияны дайындау мен қабылдауда, қазақстандық мемлекеттілікті нығайтудағы оның рөлі туралы әдебиеттер ұсынылған.

Оқырмандар көбінесе қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптарға ерекше назар аударады. Олардың ішінде – «Становление Конституции Республики Казахстан», «Основные законодательные акты о языках в РК», «Тәуелсіздік дәуірі», «Стратегия независимости», «Этнос и религия» және басқа да құнды дүниелерге оқырмандар ерекше қызығушылық танытты.

Аталмыш кітапханадағы көрме үстіміздегі жылдың 28-ші тамызына дейін жұмыс істейтін болады. Келемдеушілерге көрменің есігі ашық.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77