COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

Выздоровевших

Зарегистрированных случаев

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

Летальных случаев

Социум

Мешіт ұжымы қайырымдылық көмек көрсетті

Қостанай облыстық мешітінің бастамасымен игі шаралар жүзеге асырылып жатыр

Қазіргі дерт орын алып отырған кезде емдеу мекемелеріне қолдау көрсету аса маңызды екендігін жете түсінген Қостанай облыстық мешітінің тікелей ұйымдастыруымен бірқатар игі шаралар жүзеге асырылуда.

Осы сөзіміздің нақты айғағы ретінде аталмыш мешіт ұжымы облыстық ауруханаға 495 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.

Облысымыздың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет аурухана бас дәрігерінің орынбасары Арман Баймағамбетовке 12 пульсоксиметр, 250 парацетамол дәрісін табыс етті.

Белгілі дін қайраткері Бахытбек Нұрғабылұлы өз сөзінде «Жалпы облыс бойынша барлық мешіттер ауруханалармен тығыз жұмыс жасауда. Осыған дейін ИВЛ аппараттары берілген болатын, енді міне пульсоксиметр қажеттілігі туындаған кезде осы аппаратты да жеткізіп беруге өзіміздің үлесімізді қосып жатырмыз», – деп атап өтті.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77