Социум

Мешіттерде карантин талаптары сақтала отырып, бес уақыт намаз оқылуда

Облыстың Бас имамы мешіттердегі санитарлық талаптарды жіті қадағалауына алған

Қазіргі таңда Қостанай облысына қарасты барлық мешіттерде карантин талаптарын сақтай отырып, бес уақыт намаз оқылуда. Осыған орай, облыстық мешіт имамдары арнайы тексеру комиссиясын құрып, мешіттердің жағдайымен танысуда.

Бас имам Бахытбек қажы Нұрғабылұлы Тобыл қалалық «Маңдай батыр» мешітіне арнайы барып, онда санитарлық нормалардың сақталуына және мешіт қызметкерлерінің бетпердені ұдайы тағып жүруіне айрықша назар аударды. Сонымен қатар намаз оқитын орынның белгіленуін қадағалап, қызметкерлерге нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, облыстың Бас имамы Рудный қалалық «Нұр» мешітінде де болды. Ол осынау мешіттің қызметкерлерімен кездесу барысында тазалық пен тәртіптің сақталуын талап етті.

Ал, облыстық мешіттің наиб имамдары Дархан Манарбекұлы және Әлішер Ертайұлы Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл мешіттің Бас имамы Шоқан қажы Ғазизұлы өздерінде тындырылып жатқан игі мақсаттағы істер жайлы баяндады. Намазхананың тазалығына ерекше көңіл бөлінетіндігін тілге тиек етті.

Әңгімеге арқау болған Қостанай қалалық мешіті жолдың бойында орналасқандықтан киелі орынның жертөле қабатында жолаушыға арналған бөлме ашылған екен. Ол жерде жолаушыларға қажетті дәрі-дәрмек, ыстық шай, жылы су, бетперде, тегін интернет желісімен жабдықталған.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77