«Ұмытылмас қоңырау сыңғыры»

деп аталатын шара Ыбырай Алтынсариннің туған күніне арналды

Жақында  ұлы  ағартушы Ыбырай Алтынсариннің  туған күніне арналған «Ұмытылмас қоңырау сыңғыры» атты танымдық кеш ұйымдастырылды.

Аталмыш іс-шара Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық кешенінен бастау алып,  қорымға қысқаша саяхаттама жасалды.

Кесене басында мектеп оқушылары ұлы аталарына арналған өлең жолдарын оқыды. Қостанай облыстық мешітінің қызметкері Тимур Төребаев Ыбырай атамыздың аруағына  құран бағыштады.

Еске алу кеші ұлы ағартушының мемориалдық музейінде жалғасып, жиналғандарды скрипка әуенімен қарсы алды. Фойеде Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп — интернатының жанындағы домбыра үйірмесі «Ыбырай сазы» күйін орындады.

Залда «Ы.Алтынсарин –педагог-ағартушы» фильмі мен мемориалдық сыныпта Ы.Алтынсариннің әңгімесінен «Баланың айласы» атты қойылым көрсетілді.

Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері  Қабдул-Мәжит Иманов және Нұрлыбек Кенжеахметов  Т.Қоңыратбайдың   «Дала шамшырағы»  атты тарихи  драмасынан  үзінді сахналады.

Басқосуға мәдениет қызметкерлері,  Қостанай педагогикалық институты мен Ы.Алтынсарин атындағы мектеп–интернатының жастары  және мұғалімдері қатысты.  Олар басқосудан ұмытылмас тағылым алды. Өйткені, оның мағыналы ғұмыры күллі азаматтарға, зиялы қауым өкілдері мен барша педагогика саласының мамандарына өнеге.

Биыл қостанайлықтар үшін ерекше жыл болды. Себебі, Тобыл өзенінің жағалауындағы даңқты жерлесіміздің кесенесі күрделі жөндеуден өткізіліп, салтанатты түрде ашылды.

Облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайының қызметкерлері алдағы уақытта да осындай танымдық кештер өткізіп, халықтың құрметіне бөлене беретіндігіне нық сенімдіміз. Оларға қызметтерінде табыс тілейміз.

Loading...

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись