Нұр-Сұлтан қаласында өткен семинар-тренинг

Нұр-Сұлтан қаласында өткен семинар-тренинг

Комментарии к записи Нұр-Сұлтан қаласында өткен семинар-тренинг отключены


Ондағы тақырып: «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер»


Елордада екі күндік семинар өтті.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ және «Шеврон» Мұнай-газ ИНК» компаниясының қолдауымен «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбы аясында журналистер бас қосты.

Онда Қазақтанның Маңғысту, Ақтөбе, Орал, Жезқазған, Көкшетау, Семей, Өскемен өңірлерінен жиналған БАҚ өкілдері бас қосты, сонымен қатар Қостанай облысының аудандық газеттерінің редакторлары барып қайтты. Осы ретте айта кетейік «Түркі тілдес журналистер қоры» «Qostanai.media» холдингімен тығыз серіктестік қарым қатынаста.

Бүгінде төртінші билік деген құзыреттілікке ие БАҚ өкілдерінің келелі жиынының басты ұйымдастырушысы, қордың президенті, модератор Нәзия Жоямергенқызы болып табылады. Бас қаладағы «Жұмбақтас» қонақ үйінің «Абылайхан» мәжіліс залынды журналистер шеберліктерін жетілдірді. Тереңірек айтқанда билік пен халық арасындағы алтын көпір саналатын қарымды қалам иелері журналистің жұмысын жеңілдетіп, сапасын арттыратын тренингтен тағлымы мол дүниелер үйреніп қайтты.

Журналистердің көбісі әлеуметтік тақырып аясында көп қалам тартып, әлеуеттің ахуалын арқау етіп жүреді. Осы тұрғыдан алғанда журналист едәуір дүниелерді ескергені абзал. «QAZAQSTAN» ұлттық арнасынағы «Qareket» бағдарламасының продюссері біздің медиа-тренеріміз болған Самал Мейрам әлеуметтік тақырыптар қалай жасалуы қажет жөнінде дәріс берді. Ондағы көтерілуі қажет дүниені қалай дүп басу керек, айтатын ойдың жинақылығы, резонанс тудыру жағдаяты, ең бастысы ақпараттың шынайылығана толық көз жеткізу керек екендігін айтып, құнды дүниелерімен білікті маман ой бөлісті. Журналист әрқашан талдаудан қашпауы қажет. Талдап, екшеп алынған дүние сапалы болады, талдамадан шынайы таным туындайды.

Медиа-тренер, арнайы «Qareket» бағдарламасы үшін жасалған «Өзімді іздеймін» және «Жаңа жыл – жаңа үміттер» атты екі бағдарламаның жасалу барысымен, оның ішкі құрылымымен тереңірек айқындап, ашып таныстырды. Өзінің білік-тәжірбиесі сатысында жоғары деңгейде жасалған бағдарламалар екендігін дәлелдеді. Самал Мейрамның журналистика саласындағы басты ұстанымы: «Журналист қандай жағдайда болмасын – адамгершілігінен айнымау қажет» деген.
Семинардың екінші кезеңі бойынша «Шеврон» компаниясының әлеуметтік жобалар бойынша серіктестіктерімен басқосу өтті. Әлеуметтік жобалар әлеуетке дәл бүгінгі күні ауадай керек. Халықтың қамын жақсартып, қиын жағдайға түскен жандарға қолдау әрқашан қажет болып табылады. Осы ретте «Шеврон» компаниясының шарапатын көріп, өз жұмыстарын жүргізіп отырған ұйымдар баршылық. Бұл компания көптеген болашағы зор жобаларға қолдау білдіріп келеді. Ол жүйелі жұмыстарынан айқын көрініп тұр.

Бүгінде, жалған ақпарат арасынан шынайысын аршып алу жағдайы туындады. Әр бағыттағы түрлі ақпарат көздері жалған ақпаратпен елді дүрліктіріп, аттарын шығарып жүргендігі белгілі. Ол «атың шықпаса жер өртенің» нақ өзі.

Осынадай жалған мәлімет таратып, әлеуметтік желінің «желінін» ісіріп, бос беделдің кебісін киіп жүргендерден қалай айығу керектігі жөнінде медиа–тренер, Ұлыбританиядағы Ластер университетінің PhD докторы, Оксфорд университетінің құқық магистрі, БҰҰ-ның заң кеңесшісі Халида Әжіғұлова «БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланатын әлеуметтік тақырыптағы ақпараттар мен жазбаларды реттейтін қазақстандық-құқықтық стандарттар» тақырыбы аясында пайдалы кеңестер берді. Журналистердің қызметін қалыпқа келтіретін халықаралық және қазақстандық құқықтық стандарттар, БАҚ-тағы және ғаламтор, әлеуметтік желілердегі агрессия, жеке бастың қауіпіздігі мен құпиялықты сақтау жөнінде кеңінен талқылап, талдап берді. Әлеуметтік мәселелер және жалған хабарлар (fake news) жайында, құпия сақтауға тиісті этикалық қағидаттар мен қажетсіз кесірлі ақпараттар дайындайтын дереккөздер (troller) жайлы ол деректерді тексеру (fact-checking) барысында нендей жағдайларға мұқит болу қажет екендігін баса айтты. Осы бағытта ұйымдастырылған топтық жұмыстар, журналситердің даралануына өз септігін тигізді.

Екінші күнгі семинар жаттықтырушы, ІТ-маманы Айбек Қасен болса өз біліктілігін көрсете білді. Журналистердің бір шарадан келесі ісшараға қатынасып жүретіндігі берлгілі. Ал, журналистер үшін диктофон құрылғысының пайдасы өте зор. Осы құрылғының бұрынғыдан да тиімді тұстарын Айбек мырза айқындап, айтып берді. «Аудио және бейнемонтаждау» қыр-сыры, «PicMotin», «WavePad Audio Editior», «Ustreem» сынды қосымшалардың қолданысымен үйретті.

Сонымен қатар, Ержан Қалыбай жүзеге асырып отырған «ULUS» журналының тыныс-тіршілігімен таныстық. Диджитал-медиа жайында жаңалықтар зор болды.

Ләззат Ноғайбайдың таныстырылуындағы «Радиоарнада әлеуметтік хабарлар. Деректермен жұмыс: жинау, өңдеу, тексеру, жариялау» жайлы мол мағлұматтарған кеңелдік.

Қорытынды кезеңінде семинарға қатынасқан барша журналистерге сертификат табысталды.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Loading...

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись