COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

Выздоровевших

Зарегистрированных случаев

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

Летальных случаев

Біздің Қостанай

Нақты жоспар, айқын мақсат – оң нәтиже кепілі

Қаланы дамытудың 2021 жылға жоспары айқындалды

Қайрат Ахметов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Қостанай қаласын дамытудың 2020 жылғы қорытындылары және 2021 жылға арналған перспективалар» тақырыбында брифинг өткізді.

Шаһар басшысы өңірдің 10 ай бойы карантин режимінде екенін тілге тиек етті. Дегенмен, ағымдағы жылы халықтың әл-ауқатын жақсартуға, бизнесті дамыту үшін қолайлы орта құруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша кең ауқымды жұмыстар атқарылатынын баяндады.

– Кәсіпорындардың тұрақты жұмысы индустриялық секторда өсудің оң қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 577,6 млрд теңгені немесе 2019 жылдың деңгейіне 129,9%-ті құрады, – деді Қайрат Ахметов.

Облыстың өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі Қостанай қаласының үлес салмағы ағымдағы жылы 42,9% -ды құраған. Ал, жыл қорытындысы бойынша өндірілетін өнім көлемі шамамен 610 млрд теңгені құрап, бұл 2019 жылғы деңгейден 19,5%-ке артық болды.

– Жыл басынан бері Қазақстанда 67 мыңнан астам көлік құралы өндірілді. Олардың жартысы Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауытына тиесілі, ағымдағы жылдың 11 айында кәсіпорын 35,2 мың бірлік автомобиль, автобус және коммерциялық техника өндірді. Бұл көрсеткіш зауытты қазақстандық автоөнеркәсіпте жетекші орынға шығарды, – деп атап өтті қала әкімі.

Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде Индустрияландыру картасы шеңберінде қалада жалпы инвестиция көлемі шамамен 79,4 млрд теңге болатын 31 жоба пайдалануға берілген.

– Осының арқасында 2 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылды. Іске қосылған нысандар бойынша жобалар іске асырыла бастағаннан бері 1 трлн 349 млрд теңгенің өнімі өндірілді, – деді Қайрат Ахметов.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 89 млрд теңгені құрайды, өткен жылдың деңгейіне қарағанда 2,3%-ке артық.

– Инвестициялар құрылымында 58%-тік үлеспен, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражатына тиесілі. Бұл бизнестің инвестициялық белсенділігін және өңірдегі қолайлы инвестициялық ахуалды көрсетеді, – деді әкім.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77