Новости Социум

Нанның бағасы қымбаттауы мүмкін

Оның қаншалықты қымбаттайтыны жиналған бидайдың сапасы мен мөлшеріне байланысты

Елімізде нанның бағасы қымбаттайтыны белгілі болды. Бірақ оның қаншалық қымбаттайтыны белгісіз болып отыр. Ауылшаруашылық министрлігі  басында нанның бағасы 10 пайызға қымбаттайтынын атап өтті. Сондай-ақ болашақта нанның бағасы елімізде жиналған бидайдың толық сүзгіден өткеннен кейінгі сапасы мен мөлшеріне байланысты болатынын да жасырмады. Сонымен қатар бұл жерде бидайдың нарықтағы бағасы да үлкен рөл атқаратын болады.

Қазіргі таңда елімізде бірінші сұрыпты бір бөлке нанның бағасы 75-78 теңге аралығында болып отыр. Кейбір аймақтарында 80-82 теңге. Бірақ бұл нанның тұрақты бағасы емес. Алдағы уақытта 600 гр болатын бір бөлкенің құны қамбаттай түспек.

Жалпы, биыл елімізде 19 млн тонна бидай өнімі жиналды. Оның 3 млн тоннасы Қостанай облысына тисілі. Алайда, бидай толық тазартылып, сүзгіден өткенде мөлшері азаятыны да белгілі. Сондықтан болашақта нанның бағасы айтарлықтай көтеріліп жатса, таң қалмау керек.

Нанның соңғы уақытта қымбаттағанын қостанайлықтар да байқап жатқанын айтады. Солардың бірі Ботагөз Мукушова былай дейді:

– Менің ойымша өңірімізде нанның бағасы біртіндеп көтеріліп келеді. Дүкенге бір барғанда нанның бір бөлкесін 80 теңгеге алсам, екінші рет оның 85 теңге болғанын байқадым. Жалпы, менің ойымша астың ең үлкені нанның бағасы кез-келген жанға қолжетімді болуы керек.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77