Балалардың жазғы демалыста өздерін жан-жақты дамытып, әдеби кітаптар оқуға ден қойғандары абзал.
«Кітап – білім бұлағы» демекші, кітаптан көп нәрсені оқып білуге болады. Сондықтан Қостанай қаласының № 11 орта мектебінің оқушылары жазғы демалыс кезінде кітапханаға жиі саяхат жасап тұрады.
Мұнда балалар жұмбақтар, ертегі кейіпкерлері бойынша сөз жұмбақтар шешіп, зейіндерін тексеріп, әдеби ойындар мен байқауларға қатысады.
Биылғы әлем бойынша белең алған қауіпті дертке байланысты облысымыздағы енгізілген карантин режимінде де олар үйде отырып зерікпей, кітап оқып білімдерін жетілдіруге ден қойған.
Аталмыш білім ордасының кітапхана меңгерушісі Жаңагүл Тайшыбаеваның айтуына қарағанда, жазғы оқулар балалардың кітапқа қызығушылығын арттырады, кітап оқу мәдениетіне тартады, балалардың қиялын және шығармашылық қабілетін дамытады.
Жазғы демалыс – балалардың адамгершілік қасиеттерін, олардың рухани баюын дамытатын, еңбек етуде күштерін сынайтын, жарқын әсер алатын, көркемөнер шығармашылықтың, табиғатта, достарында және өзінде жаңалықты белсенді тану уақыты.
Сондақтан оқушылар жазғы демалыстарының әр сәтін тиімді пайдаланып, өздеріне ұнайтын шығармаларды оқумен айналысып жатыр. Карантин режиміне байланысты үйден шығып, көп қыдыруға болмайтындығының да бір жағынан пайдасы тиіп жатыр. Үйде отырған оқушылар енді әдеби кітаптарды оқуға ден қойған екен. Әр нәрсенің өз игілігі бар деген осы болар.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77