Образование

Облыстық әкімдікте өткен жиында білім саласындағы атқарылған істер қорытындыланды

Келер жылы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жөндеуге және нығайтуға 5,6 млрд теңге бағытталатын болады

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен өткен жиында облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова білім саласында атқарылған жұмыстарды баяндады.

Ағымдағы жылы Қостанай автомобиль көлігі колледжінің жанынан құны 1,3 млрд теңге болатын 500 орындық, Қостанай жоғары медициналық колледжінің жанынан құны 700 млн теңге болатын 250 орындық екі жатақхананың құрылысы жүріп жатқандығын айтты.

– Одан басқа, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде ағымдағы жылы 2021 жылы Қостанай жоғары политехникалық колледжі жанынан құны 1,4 млрд. теңге болатын 500 орынға арналған жатақхананың құрылысы басталады, – деп атап өтті басқарма басшысы Зәуре Байменова.

Апаттық жағдайға жеткізбей биыл 133 білім беру нысандарында 11,2 млрд теңгеге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 23 нысанға күрделі жөндеу, 13 білім ордасына ағымдағы жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде жүргізілген.

Қостанайлық педагогтердің мүддесін қорғайтын «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын қабылдау, оны іске асыру үшін облыста 14 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

– Заңда мұғалімдердің құзыреттілігін арттыруға бағытталған материалдық ынталандыру нормалары қарастырылған. Мысалы, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтардың орташа жалақысы 25%-ға, ал келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы 25%-ға өсті. Педагогтерге тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеу енгізілді (айына 17 697 теңге, барлығы 247 тәлімгер) және магистр дәрежесі (10 АЕК, айына 27 780 теңге, барлығы 354 магистр). Жергілікті бюджетте бұл мақсаттарға шамамен 2 млрд теңге (1970 млн теңге) көзделген, – деді Зәуре Байменова.

Соңғы үш жылда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде облыста көлемі 400 млн теңгеге 74 IT-сынып және 34 робототехника кабинеті ашылған. Басым бөлігі облыс меценаттарының көмегімен жасалған.

– Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп ғимараттарынан қазандықтарды шығару бойынша жоспарлы жұмыстар жалғасуда. 4 жыл ішінде 70 қазандық шығарылды. Қалған 71 қазандықтың 2021 жылы 20-сы шығарылады, оған облыстық бюджеттен 413 млн теңге, 2022 жылы-51 қазандық, 1 128 млн теңге көзделген, – деп толықтырды басқарма басшысы.

Оқушылар жиһазын жаңарту және мектептерді спорттық жабдықтармен жарақтандыру бойынша үш жылдық жоспарды іске асыру жұмыстары бастау алғанын айтты. Жалпы, 2021 жылы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жөндеуге және нығайтуға 5,6 млрд теңге бағытталатын болады.

Сонымен қатар, келе жылдан бастап білім беру саласындағы функциялар мен құзыреттер аудандар мен қалалар ведомствосынан облыс деңгейіне өтетіндігін айтты. Ол үшін қазір әділет органдарында құқық белгілейтін құжаттарды тіркеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77