Социум

Облыстық мешітте ЖАНТ семинары болып өтті

Онда өңірімізде жат ағым мүшелерімен жүргізіліп жатқан жұмыс бойынша тақырып қозғалды

Қостанай облыстық мешітінде ЖАНТ мүшелеріне арналған семинар болып өтті. Оған облыс бойынша жұмыс жасап жүрген діни қызметкерлер қатысып, деструктивті ағым мүшелерінің желеу қылған мәселелеріне қатысты тақырыптар аясында дәрістер өткізді.

Оны Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Тәжімбет, наиб имамдар Дархан Сыздықов пен Тұрым Муканбетжанов жүргізді.

Дәріс үш күн бойы жүргізіліп қортындыланып, Қостанай облысындағы жат ағым мүшелерімен жүргізіліп жатқан жұмыс бойынша тақырып қозғалды. Оған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысындағы өкілі мен Қостанай облысы дін істер басқармасының мамандары қатысты.

Бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы «ҚМДБ-ның негізгі бағыттарының бірі жат ағыммен жұмыс жасау. Сондықтан бұл бағытта барлық ЖАНТ мүшелері аса жауапкершілікпен жұмыс атқаруы тиіс және оған қолдау білдіру де қажетті болады» деп атап өтті.

Осылайша жасалған жұмыстар қорытындыланып, алда жүзеге асырылатын шаралар мен істер жоспарланды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77