Қазіргі таңда жаңа оқу курстарына дайындық жүргізілуде
Облыс орталығында 1 ақпаннан бастап «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы өз жұмысын бастамақ. Келесі айдан бастап аталмыш орталық қызметкерлері ағылшын, қазақ және басқа да этностық тілдерді оқытуды қолға алдық. Бүгінде бұл оқу орнында жаңа тіл үйрету курстарын бастауға дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Алдағы уақытта тідерді оқыту мекемесі іс қағаздарын қазақ тілінде сауатты жүрізуге үйрететін болады. Сонымен қатар өткен жылы бастау алған мемлекеттік тілді еркін форматта үйрететін «Сөйле тайм» клубы да өз жұмысын өңіріміздегі «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-де бастайтын болады. Осынай жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметкерлеріне қазақ түрін еркін форматта үйретіп, мемлекеттік тілде ойларын жеткізіп, толық түсінулеріне көмектеспек.
-Биыл біздің орталық өз жұмысын қарқынды бастағалы отыр. Қазіргі таңда орталықтың оқытушылары мен әдіскерлері жаңа оқу бағдарламаларын дайындап жатыр. Орталықта екі ағылшын, алты қазақ тілін үйрететін және түрік, армян, татар, башқұрт тілдерін оқытатын оқытушыларымыз да бар. Сондықтан қазірден бастап тіл үйренем деген жандар, орталыққа келіп, өздерінің өтініштерін қалдыруларына болады.
Сондай-ақ қала тұрғындарының қалаған тілдерін жоғары деңгейде үйрету мақсатында орталық қызметкерлері қызықты көрнекіліктерді қолдана отырып, әр сабақтың барынша қызықты өтуіне атсалысатын болады,-дейді «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының басшысы Жұлдызай Ербатырова.
Бүгінде тілдерді оқытатын облыстық орталық өздерінің барлық әлеуметтік парақшалары арқылы жаңа курстардың басталатыны жөнінде жан-жақты хабарландыруларды орналастырып отыр. Тіл үйренем деген жанға әрдайым есік ашық. Тіпті қысқа курстан өтіп, тіл меңгергені жайында сертификатқа ие боламын деген жандарға да барлық жағдай жасалған.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77