Олар Қазақстанда қызмет етеді

Жеңіс саябағындағы салтанаттан

Баршаға мәлім, үстіміздегі жылғы күз айларындағы жасы келген жастарды әскер қатарына шақыру басталды. Қазірге дейін бірқатар бозбалалар елімізде өздерінің азаматтық борышын өтеуге аттанды.

Жуырда облыс орталығындағы Жеңіс саябағында кезекті әскер қатарына шығарып салу салтанаты өтті. Оған сымбатты да сымдай тартылған шыныққан жігіттер, зиялы қауым және олардың ата-аналары қатысты.

Жиналғандардың алдында Қостанай қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы, полковник Мұрат Ершенов сөз сөйлеп, жігіттерге шынайы жүректен шыққан лебіздерін білдіріп, оларға ақ жол тіледі.

Сондай-ақ Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагері, полковник Серікбай Ізімов те Отанды қорғау әрбір азаматтың абзал борышы екендігін айта келіп, болашақ жауынгерлердің Отанымыздың мақтанышы атанатындықтарына сенімді екендігін жеткізді.

Сонымен қатар ата-аналар атынан Татьяна Червонюк, әскер қатарына шақырылушы Арыстанбек Нұртаевтардың тебіреніске толы сөздері де жиналғандарға ой салды.

Осы басқосуда өнер саласының майталманы Түлкібек Рысмағанбетов, дарынды әнші Әсем Исмағамбетова жастардың рухын көтерер әндерді шеберлікпен орындап, барша қауымға жоғары көңіл-күй сыйлады.

Loading...

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись