COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

72273

Выздоровевших

98701

Зарегистрированных случаев

3051

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1058

Летальных случаев

Біздің Қостанай

«Қонайда» құрылыс қарқынды

Келер жылы жұмыс ауқымы кеңейеді

Ағымдағы жылдың тамыз айында медицина қызметкерлерін баспанамен қамту үшін жеке құрылыс салушылардан тағы 120 пәтер сатып алынбақ.

Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында облыста Қостанай қаласының «Әуежай», «Юбилейный» және «Қонай» үш шағын ауданында қарқынды құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

– Бүгінде, «Әуежай» шағын ауданда бюджеттік қаражат есебінен 36 көпқабатты тұрғын үй салды, оның 28 үй – несиелік және 8 – жалға беру арқылы болмақ. Жалпы ауданы 187,1 мың шаршы метр. Жыл соңына дейін жалпы ауданы 22,8 мың шаршы метр болатын тағы 4 көпқабатты несиелік тұрғын үй салу жоспарлануда, – дейді Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықов.

Басқарма басшысының сөзінше, 2021 жылы аталмыш ауданда 108 пәтерлі бір тұрғын үй салынып, құрылыс жұмыстары толық аяқталады екен.

– «Юбилейный» шағын ауданға келетін болсақ, жалпы ауданы 221,0 мың шаршы метр болатын 34 көпқабатты тұрғын үй салынды. Оның ішінде, 17 үй – бюджет есебінен және 17 үй – коммерциялық құрылыс салушылар есебінен. Осы жылдың аяғына дейін мұнда жалпы ауданы 39,7 мың шаршы метрді құрайтын 588 пәтер мен 5 коммерциялық үй үшін, ауданы 25,6 мың шаршы метр 436 пәтер үшін 6 бюджеттік үйдің құрылысы аяқталады. 2021 жылы алаңы 10 мың шаршы метр болатын тағы 2 көпқабатты коммерциялық тұрғын үй салу жоспарлануда, – деп атап өтті Берік Таңжарықов.

Осылайша, 2021 жылы қаланың екі ауданындағы тұрғын үй құрылысы толығымен аяқталатын болады.

Ал, «Қонай» шағын ауданында тұрғын үй құрылысы басталып кетті. Ағымдағы жылы 885 пәтерге арналған 59,5 мың шаршы метрді қамтитын 19 бюджеттік тұрғын үй құрылысы басталды.

– «Қонай» шағын ауданында, бірінші кезекте ЕТЖЖ сәйкес жалпы ауданы 97,0 мың шаршы метрді құрайтын отыз бес қабатты үйдің 19 кірпіш үй және 11 панельді үй жалпы алаңы 210 мың ш.м, 1 425 пәтер мен 2067 учаскелері ЖТҮҚ үшін бірлескен дамуы қарастырылды, – деді басқарма басшысы.

Бұл ауданда бюджет қаражатына 16 тұрғын үй бой көтермек. Бюджеттік үйлердің құрылысы 2021 жылы басталады деп жоспарлануда.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77