Біздің Қостанай

Қос шаңырақтағы ұлы той

Оқушылар өнерлерін ортаға салып, жырдан шашу шашты

Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатында қазанның 17-21 аралығында «Қазақ тілім өркенде, бола бер сұлу көркем де» атты қазақ тілі және әдебиеті апталығы өтіп жатыр.
Апталықтың жұмыс жоспары бойынша қазанның 17 күні Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 9 «А» сынып оқушылары Қостанай қаласындағы орналасқан Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе отырып А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «А.Байтұрсынұлы: Ел-бүгіншіл,менікі ертеңгі үшін» атты көркем сөз сайысы өткізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Бұл дегеніміз биылғы жылы жас буынның тәрбиесі мен біліміне баса мән беріледі деген сөз.Сондықтан да білім беру мен тәрбие ошақтары осы бағытта жұмыс істеуді жалғастыруда.

Әдебиет зерттеуші, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы өміріне шолу жасай отырып, ақынның өлеңдерінің идеясы, мақсатын ұғындыру. Оқушыларды ана тіліне деген сүйіспеншілдігін арттыру,ана тілін қастерлеуге баулу мақсатында өткізілген іс-шара үлкен ізденімпаздылықпен, ғылыми терең түрде өткізілді.
Аталған көркем сөз оқуын мектебіміздің үздік оқушысы Санай Санжар «Ұлы көсем Ахметке» деген өз арнауымен шымылдырығын ашып берді. Сонан соң республика көлемінде тойланып өткен Аханның тойынан түсірілген керемет бейнебаян көрсетілді. Амангелді А., Акижанова А., Мұратбеков С., Рахым С. сынды оқушыларымыз ақынның «Жарлыбай» өлеңін мәнерлеп жатқа оқыса, Каримханова А., Жумабаева Г., Исенова С. ақынның «Бақ» өлеңін, Жиличкин Г., Батырбек Ә., Кадырова А. сынды оқушыларымыз «Ала қойлар» өлеңін , Айтымбетова А., Ибраева Ж., Кенжебек А. «Қара бұлт» өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқып шықты. Осы аталған сайысқа 9 сынып оқушылары зор үлестерін қосып, іс-шараның соныңа қарай Жаркенов Тамирлан мен Абишева Жансая «Ерке сылқым» күйін орындады. Қабылжанова Сабина Аханның «Анама хат» өлеңін мәнерлеп оқыған кезде ұлы көсемнің қазақ халқына жасаған өшпес ерлігі көз алдарына оралып, көрермендердің көпшілігі көздеріне еріксіз жас алды. Ахмет Байтұрсынұлы егемен елінің ұрпағы тарапынан «Ана тілдің айбары», «Ғасыр саңлағы» деп ұлықталған ұлы тұлға, ғұлама ғалым. Нақтырақ, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы теоретик ғалым.

Жалпы бірлесіп Аханның 150 жылдығына орай өткізілген Ыбырайдың қос қара шаңырағының іс-шарасы өте жоғары деңгейде жүргізіліп , өз мақсаттарына толығымен жетті десек артық болмас еді. Осындай тәрбиелік мәні зор, оқушыларды ұлтжандылыққа жетелейтін іс-шараның өтуіне мұрындық болған Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ғылыми көпшілік әдебиет бөлімінің қызметкері Латыпова Бибігүл Қазыбайқызына және Ыбырайдың дарынды да білімді 9 сынып оқушыларының ағарту саласында көп жылдар бойы еңбегін сіңіріп келе жатқан тәрбиеші Абишева Нұргүл Шаймерденқызына алғысымызды білдіре отырып шығармашылық табыс,бала тәрбиесіндегі еңбектеріне мол жетістіктер тілейміз.

Ж. БУЛЕКБАЕВА, Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаттың қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77