Ордалы білім ошағынының алғашқы 20 түлегі болып мектеп тарихына еңбек
Қостанай қалалық №28 мектеп-гимназиясында «Сәт сапар, Жас түлек!» атты салтанатты жиыны өтті.
Бұл оқушылар мектеп-гимназияның алғашқы түлектері болып мектеп тарихына еңіп отыр.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздар, бүгін ойы толып, есейіп алтын ұя мектебімен қоштасуда.
– Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық. Ең алғашқы оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 20 түлегі бүгінгі салтанатты жиында жаңа өмірге аяқ басқалы тұр. Тарыдай болып кірген білім ордаларыңнан, тудай болып қанат қағып барасыздар. Сіздерге тілерім, қанаттарың талмасын. 11 жылдың білімнің жемісін көріп, әрдайым биік шындардан көрініп, еліміздің елеулі азаматтары болуларыңызға тілектеспін. Ардақы ата-аналарға мектеп бітіруші ұл-қыздарыңыз білікті маман иесі атансын деген тілектістік білдіремін. Ұстаздар қауымына да келер жылға зор шабыт тілегім келеді, – деді мектеп директоры Айгүл Қазиева.
Ата аналар қауымы атынан Әлжанқызы Гүлбаршын жас түлектерге өзінің жүрек жарды ақ тілегін арнады.
– Бүгін міне үлкен салтанатты соңғы қоңырау кеші. Әрине, ұстаз үшін де, түлектер үшін де өте үлкен қимас күн. 11 жыл бірге оқыған достарымен, қатар отырған парталарымен, ата-аналарындай болған ұстаздарымен қоштасу қимастық көңіл деп ойлаймын. «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасын» дегендей, кішкентай шәкірттеріңіздің қанаттары қатайып, үлкен жолға аттанғалы тұр. Қадамдарыңыз сәтті болсын, шәкірттер! Тапсыратын сынақтарыңыздан сүрінбей өтуге, тек биіктен көрінуге шын жүректен ата-аналар атынан тілектеспін. Құрметті ұстаздар, сіздердің еңбектеріңіз еш өлшеусіз. Осы балалармен ыстыққа да, суыққа да төзіп, олар үшін ата-ананың да ұстаздың да орнын толтырдыңыздар. Сіздерге зор денсаулық, жұмыста абыройлы болуларыңызды тілеймін. №28 мектеп-гимназиясының бірінші түлектерісіздер, бұл-өте бақытты күн. Ұстаздардың да жаңа мектептен ұшырып отырған алғашқы қарлығаштарысыздар. Алдағы уақытта өнерлеріңіз бен білімдеріңізді, біліктіліктеріңізді елімізге жұмсайды деп сенеміз. Ұстаздардың алдында бас иеміз. Бүгінгі салтанатты мерекелеріңіз құтты болсын!, – деді Гүлбаршын Әлжанқызы.
Жас түлектерге ақыл-кеңесін беріп, өмір өнегесін қос үйреткен 11 «а» сыныптың жетекшісі Аюуш Жайнагүл оқушыларын қимастықпен шығарып салды.
– Құрметті ұстаздар, ата-аналар мен менің сүйкімді оқушыларым! Бүгін міне 11 жылдық білім алып, қанат қағып ұшқалы отырсыздар. Жолдарыңыз ашық болып, дендерініз сау болсын, ойлаған мақсаттарыңызға жетіңіздер. Алдыда тұрған ұлттық біріңғай тестілеуден жоғарға балл алып, мамандық иелері атануларыңызға тілектеспін. Әрқашанда бақыт, шаттық, жақсы көңіл күй,ата-аналарыңызбен мектептеріңіздің атағын жақсы жағынан көрсетіңіздер, – деп сынып жетекшісі ақжарма тілегін білдірді.
Оқушылар өздерінің ұстаздарға деген тілегін арнап, әннен шашу шашты. «Жас сарбаз» ұйымының түлектері болып саналғандықтан, ұлдар өздерінің әскери қойылымын ұсынды.
– Сыныптастарым,сендерді осы жылғы мектеп бітірулеріңмен құттықтаймын. Осы күнге дейін 11 жыл бойы оқып, жоғары оқу орнына түсу үшін арнадыңдар. Ұстаздар, ата-аналар оқушыларды тәрбиелеп, білім беріп, жақсы өсіргендеріңіз үшін алғыс білдіреміз, – дейді жас түлек Нұрсұлтан Манат.
Салтанатты жиын барысында мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жансая Исмайлова мектеп басшысының бұйрығымен таныстырып, оқушыларға 11 сынып оқушыларының жалпы орта білім курсын аяқтау туралы аттестатын табыстады. Сонымен қатар, жыл бойына алған жетістіктерімен марапатталды.
Елдегі жағдайға орай, салтанаты жиын барысында карантин талаптары қатаң сақталып, оқушылар мен ата-аналар арасында белгіленген қашықтық сақталды.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Абил ДОЩАНОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77