Спорт

Қостанай қаласында мешіт қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті  

Онда Лисаков қаласының «Әбдіхайым Саламатұлы» мешітінің командасы жеңімпаз атанды

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне де санаулы күндер қалды. Ол біздің мемлекетіміздің өмірінде ерекше орын алады.

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Ихсан жылы» аясында облыстық деңгейде мешіт жамағаттарының ынтымақ-бірлігін нығайту, егемендігіміздің қадыр-қасиетін арттыру, оның мән-мағынасын өскелең ұрпақтың саналарына сіңіру мақсатында спорттың волейбол түрінен жарыс болып өтті.

Оның барысында, жоғары шеберлік көрсетіп, көңілдегідей ойын өрнегін танытқан Лисаков қаласындағы «Әбдіхайым Саламатұлы» мешітінің командасы бірінші орынды жеңіп алды.

Ал, екінші орын Әулиекөл ауданындағы «Әмит ишан» мешітінің, үшінші орын Рудный қаласындағы «Нұр» мешітінің командаларына бұйырды.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегелерге лайықты марапат жасалып, естелікке сыйлықтар табыс етілді.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77