В ритме города

Қостанай қаласында қыз-келіншектерге арналған шара ұйымдастырылды

Мұнды тігін тудың қыр-сыры жан-жақты түсіндіріліп, пайдалы кеңестер берілді

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде қыз-келіншектерге арналған тігін тігу бойынша шара ұйымдастырылды.

Жамағат арасында тігінмен айналысатын, оны өзінің күнделікті кәсібіне айналдырған нәзік жандылар да баршылық. Солардың бірі – Рамиля ханым. Ол жиналған көпшілікке өзінің ісмерлікке қалай келгенін, ең бірінші игерген тігін машинасы, тігінге қолданған маталарын қалай таңдағаны жөнінде әңгімелеп берді.

-Кигенде жарасымды да ыңғайлы киім тігу оңай емес. Екінің бірінің қолынан келе бермейді. Он саусағынан өнер тамған шебер деп жатады қазақта, иә шыныменде шеберлік қажет. Қолдың икемділігі маңызды. Бірақ кез-келген қыз кестелеп тігін тігеалуы қажет деп ойлаймын. Оны бала кезден игерсе тіпті жақсы. Анасының бір көрсеткенін бірден қағып алып, өскенде тігінші атанып жүрген аруларымыз қаншама. Сондықтан қандай істе болмасын алдымен ынта қажет,-дейді Рамиля ханым.

Іс-шара барысында тігін машинасын дұрыс пайдалану және оның ерекшеліктері туралы айтылды. Басқосуға тігін машинасына алғаш бейімділік танытқан бойжеткендер де қатысты. Сөйтіп, олар шеберлік сыныбы ретінде біраз жайға қанықты.

Ақ жаулықты аналарымыз ежелден қыздарын жастайынан ісмерлікке баулыған. Өйткені, қыз-келіншектер үшін тігін тіге білу өмірде қажетті өнердің бірі.

Ол аз десеңіз, бұрындары әжелеріміз киіз басып, кілем мен алаша тоқып, көрпе-төсектерге ою-өрнек те салғаны тарихтан белгілі. Осындай игі дәстүрлеріміз алдағы уақытта жалғасын тауып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77