Образование

Қостанай қаласының 25 білім беру нысанына жөндеу жүргізілді

Қаладағы білім беру объектілерін жөндеуге жалпы сомасы 3,5 млрд теңге жұмсалған

Оның ішінде 7 нысанға көлемі 3,1 млрд теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Нәтижесінде, білім беру саласының 1,7 мыңға жуық қызметкерінің еңбек жағдайын жақсартуға мүмкіндік беріп, сондай-ақ, 21,4 мыңнан астам оқушыны оқытуға сапалы жағдай туғызды.

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов шаһардағы білім беру нысандарын аралап, 2020 жылғы күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

– №17 орта мектепте күрделі жөндеу жүргізілді, нәтижесінде 1480 оқушыны оқыту жағдайы және 106 педагогтың еңбегі жақсарды. Мектепте асхана, спорт залы, акт залы, кітапхана толық жөнделіп, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді, ал оқу кабинеттерінде оқу үшін қолайлы жағдайлар жасалған, – деп атап өтті Архимед Мұхамбетов.

Мектепте 1-5 сыныптардың 32 кезекші тобы оқиды, ал 9 және 11-сынып оқушылары аралас форматта оқуға кірісті, қалған параллельдер үшін қашықтықтан оқыту ұйымдастырылған.

– Біздің балаларымызға осындай керемет жағдайлар жасалғаны өте маңызды, кабинеттерде интерактивті жабдықтар мен жаңа жиһаздар бар, бұл оқушыларды бірден тәртіпке келтіреді, оларды туған мектебін сақтауға және сүюге үйретеді. Менің бірінші сынып оқушыларым кезекші топтың сабақтарына қуана барады, – деп атап өтті бастауыш сынып мұғалімі Роза Зейнекина.

Сонымен қатар, өңір басшысы №27 балабақшадасында болып қайтты. Енді бөбекжайдың 300 тәрбиеленушісі мен 72 қызметкері үшін заманауи, қауіпсіз және жайлы жағдай жасалған.

Ғимаратта балалардың жан-жақты дамуы үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған жеке бассейн, жеке спорт және музыка залдары бар. Жайлы жатын бөлмелер, жарқын және ыңғайлы топтар, оқу жабдықтары – барлығы сапалы мектепке дейінгі білім алуға бағытталған.

Бөбекжай- бақшасының тәрбиешісі Мария Хмара бөлмелер мен кабинеттерді түбегейлі өзгерткеннен кейін жаңа туындылар жасап, жаңа биіктерге жетіп, балалармен жұмыс жасаудан одан да көп қанағаттанатынын айтады.

– Біз бұрын да өзіміздің бақшамызды жақсы көретінбіз, бірақ жөндеуден кейін, ғимараттың өзі әдемі болғанына мен балабақшаларға назар аударылғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Өзінің футбол алаңы, жаңа кіре берістері, ойын алаңдары пайда болды. Ата-ана ретінде мен екі есе қуанып отырмын, өйткені сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалған, осы жерден алған алғашқы білімдерімен біздің балалар мектепке барады, – дейді екі тәрбиеленушінің анасы Динара Мұртазенова.

Мектептерде барлық санитарлық нормаларды сақтау үшін барынша жағдай жасалған. Барлық қажетті дезинфекциялық құралдарды сатып алуға бюджеттен 375 млн теңге бөлінді. Білім беру объектілерінің кемінде 3 айлық қоры бар, қажет болған жағдайда қосымша қаражат бөлінетін болады.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77