Жаңа талаптарды 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап толық енгізеді
Соңғы жылдары елімізде 6 мен 10 жас аралығындағы әр бесінші бала артық салмақ немесе семіздікке шалдыққан алаңдататын үрдіс байқалады.
Бұл мәселе Қостанай облысын да айналып өтпеді. Осыған байланысты Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мамандармен бірлесе отырып, мектептерде тамақтану стандарттарын қайта қарастыруда. Жаңа талаптарды 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап толық енгізу жоспарланып отыр.
Қазақ тағамтану академиясының зерттеулеріне сүйенсек, 1 мен 14 жас аралығындағы балалардың шамамен 20%-ында артық салмақ бар, оның жартысында бұл семіздікке ұласады. Бұған басты себеп – дұрыс тамақтанбау мен дене белсенділігінің жетіспеуі. Мектеп асханаларында қант, тұз және май мөлшері жоғары тағамдар жиі беріледі, бұл балалардың артық салмақ жинауына ықпал етеді.
– Жаңа стандарттар аясында мектеп мәзіріне майлылығы төмен сүт, қышқыл сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер көптеп енгізілмек. Сонымен қатар, ет пен балық тағамдарындағы қант пен тұз мөлшері азайтылады. Газдалған сусындардың орнына итмұрын тұнбасы ұсынылып, майлы соустардың орнына жеңіл қаймақ негізіндегі тұздықтар пайдаланылмақ. Мәзірге жылқы еті мен сиыр етінен дайындалған тағамдар, брокколи мен бұршақ салаттары, сондай-ақ жент сияқты дәстүрлі қазақ тағамдары кіреді, – дейді білім басқармасы.
Бұл ресурс тағамдардағы ақуыз, май мен көмірсулар құрамын тексеруге мүмкіндік береді. Оны аспаздар мен өнім жеткізушілер ғана емес, ата-аналар да пайдалана алады. Бұл жаңашылдық мектептегі тамақтану жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етіп, оған деген сенімді арттыруға бағытталған.
– Қазақстанда 6-9 жас аралығындағы балалардың 20,6 пайызында артық салмақ бар. Балалардың артық салмағы өзіне сенімділіктің болмауына, түрлі аурулардың пайда болуына, қан диабетінің, жүрек ауруларның пайда болуына алып келеді. Тамақтану теңгерімді ету, көп қозғалу, кішкентай кезден бастап салауатты әдеттерді сақтау мағызды, – дейді Қостанай облыстық аурухана маманы.
Қостанайда ата-аналар мен мұғалімдер алдағы өзгерістерді белсенді талқылап жатыр. Көпшілік жаңа стандарттардың балалар денсаулығын жақсартып, дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыруға көмектесетініне үміт артуда. Алайда, кейбіреулер бұл бастаманың сәтті жүзеге асуына күмәнмен қарап, қаржыландыру мен мамандарды дайындауда қиындықтар туындауы мүмкін екенін айтады.
Мұғалімдердің айтуынша, мектептегі ас мәзірінің өзгеруі – балалар арасындағы семіздік мәселесін кешенді түрде шешудің бір ғана бөлігі. Дене белсенділігіне көбірек көңіл бөліп, салауатты өмір салты туралы сабақтар өткізіп, балалардың өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыру қажет. Жалпы, Қостанайда мектеп асханаларындағы өзгерістерге қоғам оң көзқараспен қарап отыр. Ең бастысы – ата-аналар, мұғалімдер, өнім жеткізушілер мен жергілікті билік өкілдері бірлесіп, ортақ мақсатқа – өскелең ұрпақтың денсаулығы мен әл-ауқатына бірге ұмтылуы қажет.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77