Социум

Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде «Құран сенің шапағатың» атты Құран жарысы өтті

Оған 20-ға жуық қатысушы қарилар «zoom-платформа»-сы арқылы қатысты

Ислам дінінің негізі, қайнар көзі – қасиетті Құран Кәрім екені баршамызға белгілі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы, Қостанай облысы бойынша мешіт шәкірттері арасынан жыл сайын түрлі сайыстар тұрақты ұйымдастырылып келеді. Тамыз айының 18-ші жұлдызында Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде «Құран сенің шапағатың» атты Х Республикалық Құран жарысының іріктеу сайысы өтті.

Қазылар алқасы Құранның тәджуиді мен махражына (әріптің дұрыс шығуы)және оқу мақамына әрі жаттау қабілетіне аса мән берді.

Облысымызда карантин режимінің сақталынуына байланысты сайысқа жалпы саны 20-ға жуық қатысушы қарилар қашықтықтан яғни, онлайн жүйедегі «zoom-платформа»-сы арқылы қатысты. Бұл іс-шара Құранның 30, 20, 10 парасын жатқа және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылды. Мәнерлап оқу бойынша І орын – Әбілқасым Абдурахманұлы, 10 пара бойынша І орын – Нагим Ахмет Мейрамбекұлы, 20 пара бойынша І орын – Әбдішаих Бекзат Нурланұлы, 30 пара бойынша І орын – Расулов Гуламжан Гафуржанович иеленді.

Жарыста әр 4 номинацияның 1-ші орынға иеленген қатысушы қарилар ғана Республикалық жарысқа жолдама алды. Ал қалған жарысқа қатысушы қариларға ынталандыру ретінде сыйлықтар табысталды.

Алла Тағала қари-хафиздарымыздың санын арттырып, елімізге, дінімізге адал қызмет етуін баршамызға нәсіп етсін!

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77