Бүгін Қостанай облысында қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Жарыста Қазақстанның түпкір-түпкірінен 350 спортшы қатысып, бақ сынайды. Аталмыш чемпионат үш күнге жоспарланған.
– Қазақстан Республикасының чемпионаты бұған дейін біздің облысымызда 2021 жылы өткен болатын. Бүгінгі жарысқа еліміздің әр өңірінен-облыстары мен қалаларынан-спортшыларымыз келіп қатысып жатыр. Қатысушылар 55 келі салмақ дәрежесінен бастап, 100 келіден жоғары салмақ санаттарына дейін өз шеберліктерін сынауда. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орын алған спортшылар Қазақстан Республикасының құрамасына енеді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер нормативін орындайды. Қостанай облысы атынан қатысып жатқан Нұрсұлтан Қабылан жүз келі салмақ дәрежесінде ақтық сынға жолдама алды. Сәттілік тілейміз, – дейді жарысты ұйымдастырушылар.
Бұл чемпионатта қыз балалар да өз бақтарын сынайды. Бірінші күннін қорытындысы бойынша жеңімпаз болған Жетісу облысынан келген Саяжан Өзбек. Ол аталған спорт түрімен 11 жыл айналысып келеді.
– Бүгін бозкілемде екі қарсыласпен күресіп, финалға шықтым. Барлық қарсыластарым мықты. Осы жарысқа ұзақ уақыт дайындалдық. Жаттықтырушымен барлық дайындықты жоғары деңгейде өткіздік. Ойымда тек қана “Жеңіске жетемін” деген сенім болды, – дейді Жетісу облысынын спортшысы Аяжан Нұрланқызы.
Аяжанның жаттықтырушысы бұл жарысқа 7 қыз алып келген. Оның 2-еуі-Ұлттық құраманың мүшелері.
– Қазір қазақ күресі жақсы қарқынмен дамып келеді. Мұны ұйымдастыру деңгейінен, балалардың өздерін көрсетуінен және жеткен нәтижелерінен байқауға болады. Бұл жарысқа дайындығымыз жаман емес. Бүгін 65 келі салмақ дәрежесінде ақтық белдесуге шығып отырмыз. Оқушым Шымкенттік спортшымен күресетін болады, – деп бөлісті Амангелді Бауырбекұлы.
Гүлжан БӨЛЕГЕН, суретті түсірген Абиль ДОЩАНОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77