COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

102530

Выздоровевших

107659

Зарегистрированных случаев

3478

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1699

Летальных случаев

Новости

Қостанай облысының аудандары мен қалаларындағы мешіттерде мәуліт оқылды

Мәуліт мерекесінде есте қаларлықтай рухани кештер ұйымдастырылып, онда жиналған көпшілік өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алды

Адамзат айрықша құрмет тұтатын сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған күні – Мәуліт. Бұл жер бетіндегі барша мұсылман жамағаты үшін ерекше күн болып табылады.

Көпшілікке мәлім, мәуліт мерекесі еліміздің барлық өңірлерінде қасиетті мейрам ретінде аталып келеді. Қазір Қостанай облысының аудандары мен қалаларында аталмыш мейрамға жеткілікті көңіл бөлінуде. Мұның айғағы ретінде мәні мен мазмұны есте қаларлық рухани кештер ұйымдастырылып мешіттерде аталып өтуде.

Қасиетті жұма күндері Қостанай облыстық, Арқалық және Рудный қалалық мешіттерінде Пайғамбарымыздың ғұмыры жайлы уағыз айтылып салауат шәриф оқылды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77