ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Бектұрсын Уәлиев Қостанай облысының бас имамы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қостанайдағы “Марал Ишан” мешітінің имамы қызметін атқарған.
ҚМДБ Уағыз және насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров облыс имамдарына жаңадан тағайындалған бас имамды таныстырып, ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқыды.
Сондай-ақ, Қостанай облыстық “Аймағанбет қажы Спанұлы” мешітінде облыс пен қаланың бас имамдарының қатысуымен өткен кездесуде облыстық облыстық дін істер басқармасының басшысы Қалмақов Ерлан Болатұлы жаңадан тағайындалған Бас имамға ізгі тілегін білдіріп, жауапты қызметінде абырой тіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысының бұрынға бас имамы Бахытбек Тәжімбет Бурабайда мас күйінде көлік жүргізген жерінен ұсталып, он бес тәулікке қамауға алынған еді.
Осы жайттан кейін ҚМДБ діни қызметкеріне лайықсыз әрекет еткен Бақытбек Тәжімбет Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатылды. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, кешірім сұрады.
Аяжан СЕРІК,
сурет бас мүфти сайтынан
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77