COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

106310

Выздоровевших

111953

Зарегистрированных случаев

3628

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1825

Летальных случаев

Новости

«Қостанай облысының киелі жерлері» атты фотоқұжаттық жылжымалы көрме оқушылар назарына ұсынылды

Онда шәкірттер өңіріміздегі киелі жерлердің тарихымен жан-жақты танысты

Өткен жылы Қостанай облысының киелі орындарының тізімі жергілікті маңыздағы 9 киелі нысанмен толыққаны белгілі. Олардың ішіне Ұзынкөл ауданындағы Аспантай абыз әулие жерленген жер, Арқалық қаласындағы Құлымбет әулие, Қостам, Қыз тамы кесенелері, Жангелдин ауданындағы Бейсен би Байжанұлының жерленген жері, Науырзым ауданындағы Үмбетей батыр Байсейітұлы кесенесі, Қостанай ауданындағы Нұржан Наушабайұлы жерленген жер, Қамысты ауданындағы Байсары батыр Самыратұлының жерленген жері кіреді.

Облыстық өлкетану музейінің қызметкерлері биыл да жаңадан анықталған киелі нысандарды бұқаралық ақпарат құралдарында, түрлі интерактивті жобаларда, тарихи экскурсиялар мен квестерде насихаттау жұмыстарын жалғастыруда.

Осы мақсатта 13 қаңтардан бастап Қостанай қаласындағы №7 орта мектепте «Қостанай облысының киелі жерлері» атты фотоқұжаттық жылжымалы көрме қойылды, көрме бойынша музей қызметкерлері бір апта бойы жоғары сынып оқушылары үшін тақырыптық экскурсиялар өткізді. Алдағы уақытта бұл жылжымалы көрме шаһарымыздың басқа да білім ордаларында қойылатын болады.

Аталмыш музейдің экскурсиялық және мәдени білім беру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Бақытгүл Мұратбекованың айтуына қарағанда, өңірімізде орналасқан киелі жерлерге қатысты фотоқұжаттар қойылған көрме оқушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып отыр. Олар осы көрме арқылы әулие бабаларымыздың өмірімен толық танысып, өздерінің білім көкжиектерін кеңейтуде.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77