Онда, айтулы оқиғаға орай сол жылдары тың игеру жылдарының куәгері болған ардагерлер, жоғарғы оқу орындарының студенттерінмен жүздесті
Жастық жігерін жер жыртуға жұмсап, күндерін далада өткізген аға буын өкілдерінен бүгінгі толқынның алар өнегесі мол. Жер ырысын арттыру үшін тарктор айдап, жұмыс жасады. Ол уақытта заман талабы солай болғандықтан, көбісі жастайынан еңбекке араласты. Бұл күнгі жеңіл жұмыстың өзін жасағысы келмей тартынатын жастар көп. Міне, жақсы қасиетті жандарына серік етіп, шаруадан қашпау сынды қағидаттарды қалыптастырады дейді ұйымдастырушылар.
Кездесудің арнайы шақырылған қонағы ардагер-тың игеруші Леонид Лемберд. Ол кездесуге жиылғандарға тың игеру жылдары тарихынан ақпар беріп, бастан өткерген қиындықтары мен межелі жеткен жетістіктерін әңгімелеп берді.
Кездесу барысында фотоқұжаттық көрменің тұсаукесері көтіп, тың игеру тақырыбына арналған қысқа метражды деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ жас өрендер алғашқы тың игерушілердің естеліктері, фотоальболдардардан құралған тақырыптық-экспозициялық көрмемен танысты.
Ардагер тың игерушілер үлкен құрметке лайық батырларымыз десек, артық айтқандық емес. Олардың еңбексүйгіштігі мен қайсарлығы, мақсаттылығы мен батылдығы арқасында еліміздің көптеген жерлері игеріліп, зауыттар мен фабрикалар іске қосылып, тұрғын үйлер салынды. Осындай ата-әжелеріміздің өмір жолы жастарға таптырмас үлгі болатыны сөзсіз.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77