Проиcшествия

Қостанай облысының ТЖД ағымдағы жылдың 9 айындағы жұмысты қорытындылады

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Б. Кәрімовтың төрағалығымен 2022 жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті

Кеңес жұмысына департамент аппаратының қызметкерлері, облыстың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен аумақтық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1.2022-2023 жылдардағы өрт қауіпті маусымның және жылыту кезеңінің қорытындылары туралы.

  1. Құжат айналымын қысқарту, сондай-ақ «Е-Өтініш» ақпараттық жүйелері арқылы келіп түсетін өтініштерді қарау.
  2. Ағымдағы жылдың 9 ай ішінде Қостанай облысы ТЖД-да тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы.

Департаменттің жедел қызметтері есепті кезеңде 4 446 сапар жасады (2021 жылы – 5 857, 24% – ғаазайды), оның барысында 2 641 азамат эвакуацияланды (2021 жылы – 804, 3,3 есе ұлғайды) және 1 004 адам құтқарылды (2021 жылы -597 рет, 1,7% ұлғайды). 53 зардап шеккен адамға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді (2021 жылы -57, 7% – ға азайды).

Облыс аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,6% – ға азайды. 96 адам зардапшекті (2021 жылы– 61, 57,4% – ға ұлғайды), оның 64-і қайтыс болды (2021 жылы-50, 28% – ға ұлғайды).

Кеңес барысында Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің бастықтары тыңдалып, өз сөздерінде жетістіктер мен проблемалық мәселелер айтылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Б. Кәрімов әрбір бөлімшенің жұмысына объективті және принципті баға берді, қызметтегі бар проблемалар мен кемшіліктерді атап өтті.

Кездесу қорытындысын шығару кезінде ТЖД қызметкерлерінің жылу беру кезеңінде қауіпсіздікті күшейту, халықты қысқы кезеңдегі ТЖ-дан қорғауды ұйымдастыру, жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіпті нығайту бойынша қойылған міндеттерді орындауға баса назар аударылды.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77