Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры Қызылорда қаласында өткен “Сырдың Сәбирасы” І халықаралық театр фестиваліне қатысып, үлкен жетістікке жетті.
Фестиваль Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының 70 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды. Бұл ауқымды шараға 11 халықаралық театр ұжымы қатысты және әрқайсысы өз қойылымдарын сахналады. Театр Шыңғыс Айтматовтың шығармасы негізінде қойылған спектаклін ұсынды. Бұл қойылымды Беларусь режиссері Даниил Филиппович сахналады.
Фестиваль қорытындысы бойынша, театрдың аға буын әртісі Қонысбек Бегайдаров “Үздік ер адам бейнесі” номинациясын жеңіп, өз өнерін жоғары бағалатты. Бұл жеңіс Қостанай мәдениетінің маңызды жетістігі болып саналады.
– Ільяс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының ұжымы сахналаған қойылымы қызылордалық көрермен көңілінен шығып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, – дейді Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының өкілдері.
Театр ұжымы алдағы уақытта халықаралық деңгейдегі фестивальдерге қатысуды жалғастыруды жоспарлап, 2025 жылы Қостанай облысында алғаш рет халықаралық театр фестивалін өткізуді қолға алмақ.
Аяжан СЕРІК,
суретті ұсынған театр ұжымы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77