Новости Спорт

Қостанай жастары қайырымдылықты құп көреді

«Харекет» қайырымдылық қорының Қостанай қаласындағы ерікті жастарының ұйымдастырылуымен шағын футболдан «Қостанай кубогі» болып өтті

Баршамызға белгілі Қазақстан аумағында халқының қамын ойлап жүрген бірқатар азаматтар мен азаматшалардың бастамасымен елімізде «Харекет» қоры құрылған болатын. Бұл қор 2017 жылдың қыркүйек айында ресми тіркелді. Содан бері әр өңірден халқының қамын ойлаған белсенділер шығып бірқатар игі істер атқарып жатыр. Мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, жалғыз басты көп балалы отбасылар үшін қаражат жинап баспана алып беру. «Мың теңгеге баспана» ұранымен жер жерге үндеу тастап, қайырымдылық шарасын жүргізуде. Осының арқасында көптеген үйсіз отбасы баспаналы болғаны баршамызға аян.

Осы орайда «Харекет» қайырымдылық қорының Қостанай қаласындағы ерікті жастарының ұйымдастырылуымен шағын футболдан «Қостанай кубогі» болып өтті. Футболға қатысу үшін үш команда ниет білдірген. Қатысу жарна құнын 5000 мың теңге деп беглілеген.  Көздегендері қордың жұмысын ілгерілетіп, аз да болса қайырымдылық жасап, екінші жағынан жастар арасында спотты дамыту.

Бәсекеге толы жарыста «ЖД» құрамасы, «Қазақстан-Қостанай» құрамасы, «133» командасы қатысып, жарыстың көрігін қыздырды. Кубокты «ЖД» құрамасы еншілесе, екінші орынды «133», үшінші орынға «Қазақстан–Қостанай» командасы ие болды. Ойынның үздік ойыншылары марапатталып, мадақтама грамотасы берілді.

Жастар жылында жалынды жастардың осылай бас көтеріп, құптарлық істермен айналысып жүргендері қуантады. Студенттер мұндай игі істер жиі ұйымдастырылып өзгеде жастар келіп қосылып, қатарымыз толықса дейді.

– Студент жастар қайырымдылық жасауда ешқашанда тартынбайды. Мұқтаж жандарға көмектесіп, барын тауып, жоғын жоқтамаса да, қолдан келген көмегін аяр кезі жоқ. Осындай шаралар кең ауқымда жасалып, Әкімшіліктенқолдау тауып, демеу көрсетілсе студенттер қол ұшын әркез созады. Жастар жылында қайырымдылық шаралары жиі қолға алынып тұрса нұр үстіне нұр болар еді, – дейді ұйымдастырушылардың бірі Данияр Ихсан.

Әрине, бостан бос босып жүрген жастар баршылық. Алтын уақыттарын зая кетіріп, жастық дәурендерін дүдамалау істерге жұмсайтындары жасырын емес. Сондай жастарымыз осындай істерге белсене кіріссе, ел алғысын аларлары хақ.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77