В ритме города Новости

Қостанайда 13 мың көшет отырғызылды

Басты мақсат шаһарымызды көгалдандыру болып отыр

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің аумағында «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» экологиялық акциясы болып өтті. Бұл акцияға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.

Бұл акцияның басты мақсаты – ормандарды сақтау мен қалпына келтіру, қалалық  жасыл аймақтарды абаттандыруға, өңіріміздің жасыл аймақтарын сақтауға және көбейтуге деген қоғамдық қызығушылықты дамытуға бағытталған.

Осылайша аталмыш акцияға  10 мың адам қатысты,13 мың көшет отырғызылды. Осынау шараға атсалысқандарға облыс басшысы  алғысын білдірді.

Қостанай қаласы қашан да жасыл желегімен көзге түсіп келеді. Оқтаудай түзу көшелердің бойына отырғызылған жасыл ағаштарға қараған жанның көзі тоймайды. Түрлі түсті гүлдері де әсем.
Болашақта осы жаңадан отырғызылған жасыл көшеттер жайқалып өсіп, қаламыздың көркін ажарландыра түсері анық.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77