Бұл, игі іс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылып отыр
Қалалық әкімдіктің мәжіліс залында 30 көпбалалы аналарға пәтер кілттері берілді. Бұл шараға қала әкімі Қайрат Ахметов қатынасып, пәтер кілтін өз қолымен табыстады. Баспана кілтін табыстау шарасы әкімдікте өткенінің бірден-бір себебі пәтерлер қаланың әр аудандарында орналасқан.
– Тұңғыш Президенттің жаңа әлеуметтік шаралар кешенін орындау мақсатында Н.Ә.Назарбаевтың «ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМҚОРЛЫҚ» әлеуметтік шарасы жыл басынан бері қалада өткен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар легі жалғасын табуда. Бүгін мен 30 көпбалалы отбасыға пәтер кілттерін табыстағаныма қуаныштымын, – деді қала әкімі Қайрат Ахметов.
Барлық пәтерлер қайталама тұрғын үй нарығында тендер арқылы сатып алынған.
Алайда, қоныстанушыларға жалдау ақысы мен коммуналдық төлемдерді төлеуге тура келеді. Нормативтік құжаттарға сәйкес бұл пәтерлерді меншігіне айналдыра алмайды, бірақ тіркелгендердің барлығы қалағанша бұл пәтерлерде тұра алады.
– Бұл сәтті көптен күттім. Осындай қамқорлық жасаған Елбасыға алғыс айтамын, Қостанай қаласының әкімдігіне рахметімді жеткізгім келеді. Мен бұл пәтерге көпбалалы ана ретінде қол жеткізіп отырмын. Төрт балам бар, үлкенім студент, А.Байтұрсынов атындағы университетте ақылы бөлімде оқиды, ортаншым да колледжде білім алады. Кейінгі екеуі мектеп қабырғасында оқып жүр, – деді ардақты ана Мейрамкүл Омарова.
Мейрамкүлдің пәтері Бауман көшесінде орналасқан.
Еске сала кетейік, мамыр айында «Көпбалалы ана» санаты бойынша 18 жалдамалы пәтер берілген болатын. Сондай-ақ, көпбалалы отбасыларға Қобыланды батыр даңғылы мен «Юбилейный» шағын ауданында орналасқан тұрғын үйден 30 жалға берілетін пәтер кілттері табысталған болатын.
Жыл сонына дейін тағы он бес отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша пәтер алатын болады. Осылайша, 2019 жылы Қостанайда 97 көпбалалы отбасы баспанамен қамтамасыз етілмек.
Осылайша, үш жыл ішінде көпбалалы отбасыларға баспана беру кезегі аяғына жетеді деп ойлаймыз. Жыл басындағы кезек бойынша 300 отбасы болған еді, – деді қала басшысы өз сөзінде.
Коммуналдық қызмет мекемелерінің өкілдері бірден әкімдік ғимаратында пәтер иелерімен келісім-шарт жасасты.
Сералы МЫРЗАБАЙ,
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77