Біздің Қостанай

Қостанайда демалыс күндері қар күтіледі

Қостанай облысы бойынша «Қазгидромет» РМК филиалының синоптиктері демалыс күндері қар жауатынын болжауда

Ертең күндіз ауа температурасы -5…-7 градус шамасында болса, түнде -13…-15 градусқа дейін төмендейді.

Жексенбі күні ауа райы күрт өзгереді. Қар жауып, боран соғады деп күтілуде. Түнде температура -8…-10 градусқа дейін төмендеп, күндіз -2…-4 градус аралығында болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 15 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Қала сыртына жолға шықсаңыздар, сақ болыңыздар! Өйткені қар мен бораннан бөлек, жаңбыр да жаууы ықтимал.

Аяжан СЕРІК,
сурет архивтен алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77