Новости Социум

Қостанайда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 108 отбасы жаңа пәтер кілттеріне ие болды

Тоғыз қабатты үш үйге «Әуежай» ықшам ауданында жаңа тұрғындар қоныстанды

Жалпы, бір және екі, үш бөлмеліден 108 пәтер. Бұл баспаналар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілді.

Бастапқы төлем неғұрлым көп болса, ай сайынғы төлем соғұрлым аз болмақ. Баспана алушылардың санатында түрлі мамандық саласының қызметкерлері бар.

– Тұңғыш Президент күніне орай облыстағы «Әуежай» ықшамауданында 108 пәтер кілті табысталуда. Жалпы, жыл сайын инвесторлар саны артып келеді, өйткені біз тұрғын үй санын көбейтіп жатырмыз. Бұл шағын ауданның құрылысы аяқталуға жақын, біз жеті үй салып жатырмыз, алтауы өтіп кетті. Осылайша, «Әуежай» шағын ауданында көп қабатты үйлердің құрылысы аяқталады. Келесі кезекте басқа аудандар. «Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес, биыл 330 мың шаршы метр тұрғын үйді салуды жоспарлап отырмыз. Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл 10 пайызға артып отыр. Жалпы алғанда, тұрғын үй бағдарламасына 18 миллиард 200 миллион теңге тартылды. Бірнеше жыл бойы біздің облыс көш бастап үштікке еніп отыр, – деді құттықтау сөзінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Айта кету керек, желтоқсан айының ортасына тәман тағы пәтер кілттері табыс етілмек.

– Жинақ ашып, соған уақытылы қаражатты бір жыл бойына салып отырдым. Осылайша баспанаға қол жеткізіп отырмын. Менің алып жатырғаным бір бөлмелі пәтер. Өте қуаныштымын, үй алуға мүмкіндік жасағандарға алғыс айтамын. Жаңа пәтер, жаңа аудан оранасқан жері де өзіме ұнайды. Елбасының жарқын бастамалары үшін алғыс білдіреміз, оны нақты орындап жатқан әкімшілікке рахмет, – деп қуанышымен бөлісті Айнұр Жомартқызы.

Мердігер компания «Саулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады.

Сералы МЫРЗАБАЙ,
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77