Новости Социум

Қостанайда облысқа қарасты 16 аудан мен өз шаһарымыз және Рудный қаласының тауар өндірушілері қатысқан жәрмеңкесі өтуде

Қала орталығында тігілген арнайы шатырлардың ішінен орын алған сатушылардың саудасы қызуда

Жұмыс таңғы 9.00-де бастау алды.

Қостанай облысы ауылшаруашылығы басқармасының басшысының орынбасары Ержанов Төлеутай Сәбитбекұлы мен бірқатар жауапты басшылар сауда алаңына барып, баға бағамын қадағалап, сатушылармен және халықпен жүздесті.

Жәрмеңкеде тауар құны әдеттегіден арзан болды. Сол себепті де болар қала тұрғындарымен қала маңындағы елді-мекендерден адам көп келді.

Сенбілік жәрмеңкеге бас-аяғы 26 тонна ет өнімі саудаға түссе, оның 14 тоннасы ірі-қара малдың еті. Көкөніс мөлшері 25 тоннадан артық. Сондай-ақ 150 мыңға жуық жұмыртқа саудада.

Тұрақтандыру қорынан 45 тоннадан артық өнім сатылуда. Оның ішінде ет құны 1200 теңгеден, картоп, сәбіз, жуа өнімдері тұрақтандырылған бағамен сатылуда.

Ауыл шаруашылығы басшысының орынбасары Төлеутай Сәбитбекұлының айтуы бойынша, биылғы жылдың басынан бері облыс көлемі бойынша 152 жәрмеңке өткізілген. Бас-аяғы 200 мыңнан астам өнім сатылды.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77