В ритме города Новости

Қостанайда қоныс тойы тойланады

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 60 жаңа пәтердің кілті табыс етілді
Қостанай қаласының Қобыланды батыр даңғылында көп қабатты жаңа үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған 60 пәтерлі баспанаға көп балалы аналар, жетім балалар және кезекте тұрған азаматтар ие болды.

Қызыл кірпіштен қалаған көп қабатты тұрғын үйдің кілтін табыстау салтанатында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің құттықтау сөзінде: «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл 330 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары. Ал 8 айдың қорытындысы бойынша, 231 мың шаршы метр тұрғын үй халық игілігіне бұйырды», — деді.

Аймақ басшысы 12 көп балалы отбасыға, 15 жетім балаға, сондай-ақ баспана кезегіндегі бюджеттік ұйым өкілдері мен мемлекеттік қызметшілерге пәтер кілттерін табыс етті.
Осындай қоныс тойын тойлайтындар қатарында бес баланың анасы Айгүл де бар. Ол пәтер кезегін көп күткенін айтады. Осы уақытқа дейін бірнеше рет көшіп-қонып, пәтер жалдап тұрған кездерін еске алды. Міне, қазір осындай бақытты сәтке жеткеніне өте қуанышты. Судай жаға тұрғын үйден үш бөлмелі пәтер алған. Оның іші жарық та жылы. Елімізде көп балалы аналарға жасалып жатқан қамқорлықты сезінген ана жүрегінің қуанышында шек жоқ.

Енді алдағы уақытта туған-туыстарын шақырып, қоныс тойын жасап, қуанышымен бөліспек.

«Қуаныш бөліссе көбейеді» деген сөз бар. Осындай сәні жарасқан жаңа пәтерлерге ие болған жандардың әр күні қуанышқа толы болғай.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77