Салық саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру қарқынды дамып келеді. Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметінше, көрсетілген 341 186 қызметтің 99,7%-ы (340 082 қызмет) электронды түрде ұсынылған. Ал қағаз жүзінде бар болғаны 1 104 қызмет көрсетілген, бұл жалпы санының 0,3%-ын құрайды.
Заманауи технологиялар салық төлеушілерге қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік береді. Декларация тапсыру, салық төлеу немесе анықтама алу үшін енді мемлекеттік мекемеге барудың қажеті жоқ – барлық қызметтер eGov.kz порталы мен e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді.
– Электронды қызметтер азаматтарға уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұрын анықтама алу үшін салық органына барып, өтініш жазып, кезек күту қажет болатын. Қазір көптеген анықтаманы онлайн түрде, небәрі бірнеше минут ішінде алуға болады, – деп түсіндірді Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Азамат Кожуков.
Цифрлық қызметтерді дамыту салық органдарының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Мамандар азаматтарға онлайн қызметтерді белсенді пайдалануды ұсынып, бұл құжаттарды рәсімдеуге кететін уақытты қысқартатынын атап өтті.
Аяжан СЕРІК,
сурет архивтен алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77