Онда қатысқан жастар үш тілді жетік меңгерген
Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасы үш тілді меңгерген жастардың арасында «Тілдарын» атты облыстық байқауын өткізді.
Байқауға облыстың аудандары мен қалаларынан 16 адам қатысты.
Бұл сайыстың мақсаты – үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, олардың бойында елге деген патриотизмді нығайту, тілдік мәдениетін тәрбиелеу, өзге халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру.
Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Мендекинова қатысушылардың алдында сөз сөйлеп, барлық сайыскерлерді құттықтап, оларға осы додада сәттілік тіледі.
Көпшіліктің арасынан суырылып, көзге түскен Арқалық қаласынан келген Баян Шаяхмет «Сөз шебері», Рудный қаласынан келген Сулеймен Кеулхосов «Тіл шебері», Қостанай қаласының тұрғыны Гүлфайруз Нұрмағанбетова «Көрермен көзайымы» номинацияларына ие болып, дипломдармен және 16 ГБ флешкасымен марапатталды.
Байқау қорытындысы бойынша, жүлделі І орынды Амангелді ауданының Мейірім Тұрархан ие болып, дипломмен және 20 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатымен марапатталды. Жүлделі ІІ орынға Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ студенті Айнура Кобжанова ие болып, дипломмен және 15 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатын жеңіп алды. Ал ІІІ орынға орналасқан Алтынсарин ауданынан келген Наргиз Насильбекова арнайы дипломмен және 10 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатпен марапатталды.
«Тілдарын» атты облыстық байқауына қатысқандардың барлығына сертификаттар табысталды.
Үстіміздегі жылдың қазан айында Шымкент қаласында өтетін «Тілдарын» атты республикалық байқауына Қостанай облысының атынан жүлделі І орынға ие болған Мейірім Тұрархан қатысатын болады.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77