Зияткерлік ойындарға деген сұраныс артып келеді
Соңғы жылдары интеллектуалды ойындар жастар арасында ерекше танымал бола бастады. Әсіресе, қазақ тіліндегі квиздерге деген қызығушылық артып келеді. Бұл үрдіс Қостанайда да байқалады.
Қазір қалада «Bas Time» атты қазақша квиз тұрақты түрде өткізіліп, көптеген ойыншылардың сүйікті зияткерлік алаңына айналды. Жалпы, «Quiz» сөзі ағылшын тілінен аударғанда викторина, сауалнама деген мағынаны білдіреді. Ойын ретінде шамамен 1975 жылдарда танымал бола бастады. Мұнда қатысушылар топ болып бірігіп, сұрақтарға тапқырлықпен тез әрі шапшаң 30-60 секундта жауап беруден бөлек, логикамен де сыналады. Жарыстың орташа ұзақтығы – 2-2,5 сағат. Интеллектуалдық алаңда шамамен 35-50 сұрақ қойылады. Еуропада зияткерлік ойын өткен ғасырда қанатын кеңге жайса, көршілес Ресейде бұл 2010 жылдың ортасында ғана аудитория жинаған.
Квиз деген не?
Квиз – бұл командалық зияткерлік ойын, онда қатысушыларға әртүрлі тақырыпта сұрақтар қойылады. Жауаптар логикаға, жалпы білімге, жылдам ойлау қабілетіне негізделеді. Бұл формат алғаш Батыс елдерінде пайда болып, кейін бүкіл әлемге тарады.
Қазақстанда орыс тіліндегі квиздер 2013-2014 жылдары танымал бола бастады. Қостанайда да түрлі форматтағы орысша квиздер 8-9 түрлі нұсқада өтіп жүр. Оларға 30-дан астам команда, яғни 400-500 адамға дейін қатысады.
Квиз қалай интеллектуалды өмірдің орталығына айналды. Логикалық ойлау, эрудиция және кез-келген сұрақтарға тез жылдамдықпен жауап таба білу қазір трендте. Олардың бірі «Bas time» – қостанайлықтар мен қала қонақтары үшін түрлі ұрпақтар үшін шын мәнінде маңызды және қызықты іс-шараға айналған бірегей жоба. Бұл жай ойын ғана емес, сонымен қатар қызықты білім беру және танымдық жарыс, онда қатысушыларға бұрыннан бар біліммен танылуға немесе жылдамдықпен тез ақылдылық танытуға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, тоқтаусыз режим логикалық ойлауды дамытады және есте сақтау жаттығуларын жасайды.
Ұсынылған мәселелер тарих пен географиядан бастап спортқа, экономикадан бастап әр түрлі этностардың этнографиясына дейінгі білімнің кең спектрін қамтиды. Ұсынылған динамикалық ойын түрі әлеуметтік байланыстарды кеңейтуге және тереңдетуге ықпал етеді. Оның басқа қатысушыларымен қарым-қатынасы көптеген жағымды эмоциялар әкеледі және жаңа достық таныстарға әкеледі.
Квизға қатысу зерттелмеген тақырыптарды зерттеуге және өзін-өзі дамытуға шабыттандырады. Ойында өзінің эрудициясымен жарқырап қана қоймай, сонымен қатар білім багажын үздіксіз толықтыруға ынталандыру мүмкіндігі бар. Ұйымдастырушылар әртүрлі ойын форматтарын ұсынады: тақырыптық, классикалық, корпоративті және көшпелі кездесулер. Тақырыпты үнемі жаңартып отыру, халықтық дәстүрлерді ұстану туған жерге деген сүйіспеншілікті оятып, әр ойынды болжау мүмкін емес етеді, бұл қызығушылық пен қайта-қайта ойнауға деген ұмтылысқа кепілдік береді!
Ал қазақша квизге келсек, оның қалыптасуы біршама уақыт пен күш-жігерді талап етті. Бұл бағытта алғашқы қадамдар 2023 жылы жасалды. Сол кезде «Bas Time» франшизасы бойынша Қостанайда алғашқы ойындар ұйымдастырыла бастады.
Қалай пайда болды?
«Bas Time» – Қазақстандағы ең ірі қазақша квиздердің бірі. Оның негізін қалаушы – Марғұлан Бәкір. Ол қазақ тілді ортада мұндай интеллектуалды ойындардың қажеттілігін түсініп, алғаш болып Қостанайда осы жобаны қолға алды.
-Орысша квиздерде ойнап жүргенімізге біраз болған еді. Бірақ қазақ тіліндегі нұсқасы жоқ болды. Бұл ойын арқылы адамдардың демалып қана қоймай, өз білімін шыңдап, жаңа достар табуға мүмкіндігі бар. Сондықтан қазақша квизді дамыту керек деп шештім. 2023 жылы «Bas Time» франшизасын алдым. Бұл квиз Қостанайда бірінші болып ашылды, – дейді Марғұлан Бәкір.
Алғашқы ойындар айына бір-екі рет өткізіліп тұрды. Алайда, аудитория жинау оңай болмады. Қазақша квизге деген қызығушылық төмен болды, тіпті мұндай форматтың қаншалықты қажет екенін түсінбегендер де көп еді.
Басында адамдар оны түсінбеді. Орысша квиздерге қарағанда қазақша квиз қиындау болып көрінді. Дегенмен, біз мәдени шаралардан бөлек, күнделікті демалыс орындарында осындай ортаны қалыптастыруға тырыстық, – дейді ұйымдастырушы.
Бірте-бірте ойынға қатысушылар саны арта бастады. Көпшілігі алғашқы ойыннан кейін тұрақты қатысушыларға айналды. Қазір «Bas Time» квизі Қостанайда танымал ойындардың біріне айналып, әр турда бірнеше команда бақ сынайды.
Қазір бұл квизге студенттер, мәдениет саласының қызметкерлері, журналистер және қарапайым қала тұрғындары қатысады. Әркімнің мақсаты әртүрлі: бірі демалу үшін, бірі білімі мен логикасын сынау үшін, енді бірі командалық ойыннан ләззат алу үшін келеді.
-Мен алғаш рет осыдан жарты жыл бұрын достарыммен бірге келдім. Басында қобалжыдым, бірақ сұрақтардың өзі өте қызықты болды. Қазір әр ойынды асыға күтемін, – дейді тұрақты ойыншылардың бірі.
Тағы бір қатысушы квиздің өзіне үлкен пайда әкелгенін айтады:
– Бұл ойын тек көңіл көтеру емес, білімімді толықтырудың тамаша тәсіліне айналды. Әсіресе, Қазақстан тарихына байланысты сұрақтар қатты ұнайды. Көп нәрсені қайта қарап, жаңа мәліметтермен танысамын, – дейді Жанара Ержанова.
«Bas Time» квизінде қатысушылар әртүрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап береді. Олардың ішінде жалпы білім, Қазақстан тарихы, әлем жаңалықтары, әдебиет, музыка мен кино, логикалық есептер. Әр команда бірігіп жауап береді, яғни мұнда тек жеке білім ғана емес, топтық жұмыс та маңызды рөл атқарады. Мұндай формат адамдардың бір-бірімен араласуына, достық қарым-қатынас орнатуына ықпал етеді. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша “Bas Time” квизінің 5 филиалы бар. Барлық филиал ойындарды бір уақытта өткізеді, себебі сұрақтар бірдей. Сондықтан да әр қаладағы командалар арасында байланыс орнап, рейтинг жасалады.
Болашақ жоспарлар
Қостанайда “Bas Time” квизіне қатысушылар саны артып келеді. Ұйымдастырушылар жаңа командалар үшін арнайы лига ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, алдағы уақытта басқа аудандарда да ойындарды жиі ұйымдастыру көзделуде.
-Былтыр Қостанай облысында ойындар өткіздік. Кейбір аудандардан арнайы келіп қатысатындар бар. Тіпті, отбасымен келетін ойыншылар да бар. Бұл – үлкен жетістік. Болашақта бұл жобаны одан әрі дамытуды көздейміз, – дейді ұйымдастырушылар.
Қазіргі таңда ойынға сұраныс жоғары болғандықтан, жаңа қатысушыларға арналған арнайы лига ашу жоспары да бар. Қазақстанда орысша квиздердің саны көп. Мысалы, Шымкентте 12 квиз өткізіледі, бірақ олардың барлығы дерлік орыс тілінде. Ал қазақ тіліндегі квиздер енді ғана дамып келеді. Адамдар бұл ойынның маңыздылығын түсіне бастады. Өтетін орындар көбінесе түрлі пабтар, ол жерде адамдар өзін еркін сезіне алады. Алайда бастапқы уақытта тегін келісуге мүмкіндік болды. Ал қазір барлығы арнайы шарттарды қояды екен.
«Bas Time» қазақ тіліндегі интеллектуалды ойын ретінде Қостанайда ерекше орынға ие болды. Бұл жоба тек ойын-сауық емес, сонымен қатар білім мен логиканы дамытатын алаңға айналды. Егер сіз жаңа білім алып, қызықты кеш өткізгіңіз келсе, онда осы квизге қатысып көруіңізге болады!
Аяжан СЕРІК,
суреттерді ұсынған кейіпкер
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77