Қостанай қаласындағы Антон Павлович Чехов атындағы көше – қаланың маңызды көшелерінің бірі
Бұл көше қаланың тұрғындары мен қонақтары үшін күнделікті өмірде маңызды рөл атқарады.
1944 жылдың 4 шілдесінде Пензенская көшесі А. Чехов атындағы көше болып өзгертілді. Бұл атау әлемге әйгілі орыс жазушысы және драматургі Антон Павлович Чеховтың құрметіне қойылған. А.П. Чехов көшесі Қостанай қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Көшенің бойында көптеген маңызды нысандар мен мекемелер бар. Мысалы, 1-ші мектеп-лицей осы көшеде орналасқан және ол қаламыздағы сұранысқа ие білім ошақтарының бірі болып саналады.
Сондай-ақ, көшеде Қазақстандағы ең ірі асыл тұқымды репродукторлардың және бордақылау кәсіпорыны – «Терра» ЖШС орналасқан. Бұл шаруа қожалығы 1999 жылы 19 мамырда құрылған. Негізгі қызмет түрі-Қостанай ауданының суармалы жерлерінде тауарлы және тұқымдық картоп, сондай-ақ көкөністер, оның ішінде қырыққабат, сәбіз, қызылша, пияз өндіру. Ал 1980 жылдың 22 сәуірінде Чехов көшесінде 22 орындық монша құрылысы басталды. Міне, бүгінгі күнге дейін, яғни 45 жыл бойы монша жұмыс імтеп келеді.
Бүгінде бұл көше бойында тұрғын үйлер, коммерциялық нысандар, қызмет көрсету орындары мен әлеуметтік мекемелер шоғырланған. Чехов көшесінің 171-үйінде Ұлы Отан соғысының ардагері Андрей Яковлевич Шаров тұрады. Күзде ол 99 жасқа толады. Бұл көшеде еліміздің дамуына үлес қосқан көптеген азаматтар өмір сүріп, еңбек етуде.
Жергілікті тұрғындармен жүргізілген сауалнама нәтижесінде көпшілігі Чехов көшесінің тарихын білетіндігін атап өтті.
– Мен бұл көшеде бала күнімнен тұрамын, оның қалай өзгергенін өз көзіммен көрдім. Бұл көше біз үшін өте маңызды, , – дейді көше тұрғындарының бірі, 65 жастағы Әлия апай. Жастар арасында Чехов туралы білетіндер аз болғанымен, олар көшенің жайлылығы мен инфрақұрылымына оң бағасын берді.
А.П. Чехов көшесі Қостанай қаласының маңызды көшеcі болып табылады. Көшенің бойында орналасқан мекемелер мен ұйымдар қаланың экономикалық және әлеуметтік өміріне елеулі үлес қосуда. Тарихи және әлеуметтік маңызы зор бұл көше – қала тұрғындары үшін маңызды орындардың бірі.
– Мен мұнда бірнеше жыл тұрамын, бірақ көшенің кімнің құрметіне қойып, қандай тарихы бар екенігі жайында ойламаппын. Дегенмен, бұл көше Қостанайдың маңызды бөлігі екенін білемін, өйткені қала орталығы болып табылады, – дейді қала тұрғыны Данияр Утегенов.
Дегенмен, көшеде көлік қозғалысына байланысты мәселелер де жоқ емес. Әсіресе, Аль-Фараби даңғылымен қиылысқан тұсында жол-көлік оқиғалары жиі орын алады. Біз бейнематериал түсіру барысында да осы көшеде жол апаты болғанына куә болдық. Бұл мәселені шешу үшін жергілікті билік жол қауіпсіздігі шараларын күшейтіп, тиісті инфрақұрылымды жетілдіру қажет. Көше тұрғындары мен жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін сақтап, қауіпсіздікті басты назарда ұстауы тиіс.
Айта кету керек, әдеттегідей осы көшемен күнделікті өтіп жүретін тұрғындардан Антон Павлович Чехов жайында сұрадық, көбісі ол кісінің кім екендігін біле бермейді. Өкінішке орай білетін жандардың саны саусақпен санарлық.
Көшеге біреудің аты жайдан-жай беріле бермейді. Бұл шешімнің артында сол адамның қоғамға сіңірген еңбегі, тарихи немесе мәдени маңызы жатыр. Әдетте, көшелерге елге танымал тұлғалардың, ұлт қайраткерлерінің, ғылым, өнер, әдебиет, саясат саласындағы көрнекті адамдардың есімі беріледі. Бұл – олардың еңбегін ұрпақ жадында сақтау және кейінгі буынға үлгі ету мақсатында жасалатын қадам.
Аяжан СЕРІК,
суреттерді түсірген Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77