Новости Социум

Қостанайда жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің 44 сержанты лейтенант дәрежесін алды

Салтанатты рәсім 3 мамыр күні Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің алаңындағы алаңда өтті


Осындай салтанатты шара алғашқы рет кең көлемде өтіп отыр. Қызметкерлерге лауазымды шенді Қостанай облысы полиция Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Бекет Аймағамбетов салтанатты түрде табыстады.

Мұндай маңсапты алу полиция қызметкерлеріне үлкен ынталандыру, өйткені лейтенант лауазымына ие болу қатардағы құрам қызметкерлері үшін маңызы зор.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2019-2021 жылдарға арналған Ішкі істер органдарының жаңғырту жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде полиция бөлімінде кадрлық әлеуетті күшейту мақсатында бірқатар қызметкерлер осындай лауазымға ие болып отыр.

Лайықты дәрежеге ие болғандардың қатарында Жол-патрульдік полициясының аға инспекторы, полиция лейтенанты Танат Серікұлыда бар. Жеті жыл бұрын жоғары білім дипломын алысымен, қызметке орналасып сержант болып істеп келді.

– Мен және менің отбасым үшін бұл үлкен оқиға. Жалақы арттырудан басқа бұл мансаптық өсуге зор мүмкіндік. Жол-патрульдік қызметте істеп жүргеніме жеті жылдан асты. Басшыдан бұл лауазымды алу маған үлкен абырой, – деп атап өтті Танат Лайық.

Сонымен қатар он үш жылдан астам уақыт әріптесі Мұрат Нұржановта осындай дәрежеге ие болды.

– Біз репбуликалық маңызы бар жол Қостанай-Меңдіқара бағытында бағдар береміз. Жыл сайын жолдағы қауып-қатермен бетпе-бет келіп жатамыз. Сол сәтте бар ойымыз жолдағы жолаушыға мейлінше бар көмегімізді аямай беру,-дейді Мұрат Рақымжанұлы.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77